«Тіл – татулық тірегі»

Новости

Октябрь 12, 2012

«Тіл – татулық тірегі»

 2012 ж. қазан айының 5 жұлдызында Халықаралық Бизнес Академиясының Іскери қазақ тілі орталығы Мемлекеттік тілді жете меңгерген түрлі ұлт өкілдерінің  арасында «Тіл – татулық тірегі» сайысын өткізді. «Тіл – татулық тірегі» сайысының негізгі мақсаты – мемлекеттік тіліміздің мерейін көтеру, елімізде тұратын түрлі  ұлт өкілдерін ана тілімізге үйретуге, салт-дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу болды.

 «Тіл – татулық тірегі» сайысының қонақтары:Алматы облыстық Есік археологиялық өлкетану музейі «Көне ғасыр сыр шертеді» атты көрмесімен жәнеАлматы  облыстық «Ұста Дәрембай» музейі шақырылды. Музей қызметкерлері музей экспонаттарын Академияның студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамына  және қызметкерлеріне кең көлемде таныстырып, экскурсияөткізді. Кітапхана меңгерушісі Тлеубаева Гүлжан Амантайқызы «Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тіл»  тақырыбына арналған Халықаралық Бизнес Академиясының оқытушыларының авторлығымен 26 оқу құралынан тұратын кітап көрмесін қойды.

 «Тіл – татулық тірегі»сайысын Халықаралық Бизнес Академиясының президент-ректоры Қожахметов А.Б.: «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» деген қанатты сөз  қоғамға кеңінен тарап, бүгінгі күн талабының үндеуіне айналды» - деп, мемлекеттік тілдің Академиядағы қолданыстары туралы баяндап, «Ұлытау» жобасының қорытындысы бойынша Тілдер кафедрасының қазақ тілі оқытушылары мен қызметкерлерге алғыс хат ұсынды.

Байқау  бакалавриаттың студенттері арасында өткізілді. Әр сайыс түрлері 5 балдық ұпай жүйесі бойынша бағаланды. Әділқазылар алқасының төрағасы:Касимов Қазахбай Таштемірұлы - "Ахыска" Түрік мәдени орталығы төрағасының орынбасары,  Халықаралық қауіпсіздік саласының профессоры, академик. Әділқазылар алқасының мүшелері:

  1. Лесбеков Дінмухаммед Мухаммедғафурұлы – Бостандық ауданының ішкі саясат бөлімінің бастығы
  2. Тұрлымбеков Бекет  Қадырбайұлы - Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының директоры;
  3. Амирахов Меграб - Қазақстанның Алматы филиалы әзірбайжан Ассоциациясы  төрағасының орынбасары
  4. Атамқұлова Нұрзина Аярбекқызы - Халықаралық Бизнес Академиясының аудармашысы;

Сайыс негізінен 4 конкурстық тапсырма бойынша өткізілді. Әр топтың құрамы – 5 адамнан болды.

  1. Таныстыру. (Презентация)

2. «Кім зерек?»

Сайыстың шарты:

а) 3-5 мин. уақыт аралығында берілген сөздің  әріптерінен сөз санын көбейту;

3. Мақал-мәтелдер жарысы: Отан, тіл, тәрбие, білім, ас тақырыптарына

4. Өнер сайысы. 3-5 мин.

Ассамблеяның 19-ыншы сессиясында Елбасы: «Мемлекеттік тілді меңгеруге алдымен өз қандастарымыз мол үлес қосуы керек. Бұл тіл баршаны біріктіретін, жастарды жақындастыратын татулық тіліне айналуға тиіс!»-деген. Осы Жолдауды дамытуға, көрсетілген мақсаттарды орындауда Академияның Тілдер кафедрасының қазақ тілі оқытушыларының еңбектерін айрықша атап өту керек.

Байқаудың қорытындысы бойынша I орынды«Тіл- тұмар» тобы иемденді.  Барабанов Роман, Аюпова Адель, Умерова Лилия, Вартанова Марина, Ли Нейла. Дайындаған оқытушылар: Иманбердиева С.Қ.- ф.ғ.д., доцент және Рахимова А.О.- ф.ғ.к., доцент. II орынды«Інжу» тобы иемденді. Мамаева Мария, Насырова Мадина, Касымова Анель, Камалова Равия, Абулкаирова Мухаббат. Дайындаған оқытушылар:Өтемісова Г.Ж. - ф.ғ.к., доцент, Бағиева Ш.М.- магистр, аға оқытушы, IIIорынды«Орда» тобы иемденді. Муратова Малика,Семенова Элина, Таипов Тахир, Мухидинов Абдулла, Набитова Гүлниса. Дайындаған оқытушылар: Акимбекова Г.С., - ф.ғ.к., доцент, Әбутәліп О.М.- ф.ғ.к., доцент. «Білімділер» және «Тұлпар»топтарыарнайы дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.Байқау кезінде сайыскердің белсенділігі, жанкүйерлердің қызу қолдауы да есепке алынды. Осы өткізілген шара Қазақстан Республикасының болашағының әрі қарай гүлденуіне ұйытқы болсын!

Іскери қазақ тілі орталығының директоры,

Ф.ғ.к., доцент Рахимова А.О.

Поделиться: