МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КЕШ
«Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының «Шапағат» қайырымдылық қоры және студенттік «ДОС» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Жаңа жылдық кеші 2014 жылы 19 желтоқсан күні өтті.
Жаңа жылдық кешке мүмкіндігі шектеулі әртүрлі жастағы 8 бала қонаққа келді. Балаларға арнап мерекелік театрландырылған кеш ұйымдастырылды. Кафедра оқытушылары балаларға арнап дайындаған сыйлықтарын тапсырды.
Кештің соңында балалар мен кеш қонақтарына арналған мерекелік дастархан жайылды. Кеш қонақтары ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күйде қайтты. Жауапты оқытушы: ф.ғ.к., доцент Солтанбекова Ғалия Алибековна.