Кәсіпкерлік және білім

Новости

Сентябрь 09, 2016

Кәсіпкерлік және білім

8 қыркүйекте Астанада «Білім берудің келешекке арналған моделі» атты   дөңгелек үстел өтіп, оған Израиль саясаткері, білім экс-министрі Шай Моше Пирон және Алматы Менеджмент Университеті Президенті Асылбек Қожахметов қатысты.

Бұл бас қосу Алматы Менеджмент Университетінің бастамасы бойынша ҚР «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық Палатасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Қазақстанның ЕАЭО мүшелігі және ДСҰ енуіміз, сонымен қатар 30 дамыған елдер қатарына кіруді жоспарлауымыз еліміздің алдына кәсіпкерлік білімді дамытуға қатысты үлкен міндеттер қояды. Ол қандай болу керек? Кәсіпкерлік оқу орындарын ашуда мемлекет пен бизнес қандай рөл атқарулары керек? Жастардың бойында кәсіпкерлік ойлауды қалай дамыту керек? Осы және тағы да басқа мәселелерді  дөңгелек үстелге қатысушылар қызу талқылады. Дөңгелек үстелді жүргізген   Асылбек Қожахметов болды.

«Сап-сау, еңбекке жарамды адамдарға жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер жасағанша оларға білімдерін, қабілеттерін отбасы мен мемлекеттің берекесі үшін  тиімді қолдануға көмектесу   керек. Бейнелеп айтатын болсақ, әр аш адамға балықты емес, әсіресе, күші, уақыты болса, балықты аулайтын қармақ беру керек, әрине, адамдарға  аулауға икем  керек. Мемлекет әр адамға осындай «қармақ» түрінде кәсіпкерлікте  мүмкіндік бере алады», - деді  «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Мұрат Абенов.

Осындай «қармақтың» бірі ретінде ҰКП төрағасының орынбасары  кәсіпкерлік білімді  атап кетті. «Бүгінгі таңда Қазақстанның жоғарғы оқу орындары ішінде кәсіпкерлік идеясын қолдап жүргендер бар. Кәсіпкерлік білім моделін қалыптастыру үшін жұмыс істеп жатқан жоо тобы да бар.   Осы жұмыста  озық рөл атқарып келе жатқан   Almaty Management University. Ұлттық Палата да қсыған өзінің белсенді үлесін қосып жатыр», - деді ол.

Пирон мырза  презентациясында 21 ғасырдағы білім берудегі сын-тегеуріндерге ерекше тоқталды. Оның пікірі бойынша, табысты білім жүйелері, ең алдымен, эмоциялық және жеке тұлға аспектілерін дамытады. «Жақсы мұғалім идеологияны қалай беруді біледі,  ал оның құралдарын сүйіспеншілікпен береді!» - деп, Израильден келген қонақ сөзіне дәлел болу үшін білімнің мына формуласын келтірді: Б = М (И+Т), яғни  Білім = Махаббат (Идеология + Технология).

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары, Президент Әкімшілігі, Білім және ғылым министрлігі өкілдері, бизнес-қауымдастықтар, мемлекеттік қызметтегі  өңірлік хаб, «Сорос-Қазақстан» Қайырымдылық қоры» корпоративті қоры, жергілікті атқарушы органдар, сонымен қатар шетелдік және отандық білім беру ұйымдары қатысты. 

Осымен Израиль білім экс-министрі сапарының бағдарламасы аяқталған жоқ.   Сол күннің екінші жартысында  Шай Моше Пирон және Асылбек Қожахметов ҚР Парламенті Төрағасының орынбасары,  «Нұр Отан» партиясының жетекшісі Гүлмира  Исимбаевамен кездесті. Әңгімелесушілер білім беру саласындағы реформа қоғамда болатын өзгерістердің алғашқы сатысы деген пікірге келді.  Гүлмира Истайбекқызы өз әңгімесінде Израиль мен Қазақстанның тәжірибесінде, алып қарағанда, ұқсас мәселелер көп, бірақ оларды шешу жолдары әртүрлі. Сондықтан білім саласы бойынша сарапшыларға осындай кездесулердің пайдасы зор, олар екі жақты достық қарым-қатынастарды дамытуда  кәдімгі жағдайға айналуға тиіс.

Поделиться: