АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ СӨЗ
2014 жылы 4 қараша күні шешендік өнер клубының «Атадан қалған асыл сөз» тақырыбында отырысы өткізілді. Студенттерді шешен сөйлеуге баули отырып, олардың сөйлеу мәдениетін дамыту оқытушының мақсаты.
Шешендік сөздер - қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер.
Студенттер ауызекі сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, шешендердің сөздерін орнымен қолдана алды. Жүйелі, мағыналы сөйлей отырып, сөздердін мағынасы түсіне білді.
«Шешендік өнер» клуб жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Әбутәліп Орынғазы Мұратұлы.