«AlmaU Mountain Club» клубы Аlmaty Mount Fest фестивалінде
Алғашқы рет Қазақстанда әрі бүкіл Орталық Азияда 9 қыркүйектен 11 қыркүйекке дейін Аlmaty Mount Fest – 2016 фестивалі өтті. Фестиваль аясында Almaty Management University альпинистік клубына қатысушылар Молодежный (4147 метр) шыңына шықты.
Almaty Mount Fest 2016 – бұл тауға шығу және экстремальді спорт түрлерінен бірінші халықаралық фестиваль, оның мақсаты - оңтүстік астанада туризмді дамыту. Іс-шараны ұйымдастырушылар - Қазақ географиялық қоғамы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен.
« AlmaU Mountain Club командасы осындай әсерлі оқиғаға қатысқандарына қуанышты. Ұымдастырушыларға осындай тамаша мүмкіндік жасағандары үшін, ал біздің клуб мүшелеріне табандылықтары мен жеңіске деген ұмтылыстары үшін алғыс айтқымыз келеді. Бірінші күні біз Тұйық-Суға көтерілдік, ол жерде вагонда түнедік, оны бізге менің бірінші жаттықтырушым Вадим Хайбуллин берді. Таң ата сағат 5-те шыңға көтеріле бастағанда әлі қараңғы болатын. Ауа райы құбылмалы, біресе –қар, біресе –бұршақ, біресе- жаңбыр жауып, жел соғып, күнді көрсетпеді. 1Б күрделі санатындағы бағдарда жолыңызда тас, қар, мұз кездеседі. Біз барлық қиыншылықтарды жеңіп, таудың шыңына көтеріліп құстың шарықтау биігінен айналамызды тамашаладыұ. Бізбен бірге болыңыздар, сіздерді алда әлі де қызықты іс-шаралар күтеді!», - деп, AlmaU Мountain Сlub жетекшісі Гүлмира Муханова жаңалықтарымен бөлісті.
AlmaU Мountain Сlub 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол тауға шыққанға жаны құмар Almaty Management University студенттерінің, оқытушылары мен қызметкерлерінің, түлектерінің бас қосатын орны. Клубтың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, тауға көтерілу спортын дамыту. Тауға шығу, жорықтар әр аптада ұйымдастырылып тұрады.