Жаңа оқу жылының жаңалықтары қандай?

Новости

Сентябрь 04, 2018

Жаңа оқу жылының жаңалықтары қандай?

Жыл сайын Almaty Management University-дің қатары толығуда. AlmaU мектептері: Менеджмент жоғары мектебі, мемлекеттік саясат және құқық Жоғары Мектебі және инженерлік менеджмент мектебі бірінші курс студенттерін қарсы алады. Университетке түскен бірінші курс студенті нені білуі керек екендігін анықтау үшін -AlmaU тіркеу офисінің жетекшісі Жұлдыз Елубаевамен болған  сұхбаты оқыңыз.

- Жулдыз Маратқызы AlmaU-ға биылғы жылы оқуға түскен жастарды не күтіп тұрғандығын айтып берсеңіз?

- Осы жылы базалық дайындық факультеті таратылды,онда бұрын барлық студенттер оқу бағдарламасына қарамастан жалпы білім беру пәндерін 1 курста оқитын еді. Енді әрбір студент өз мектебіне тіркеледі (Мектеп сіз келіп түскен мамандыққа байланысты анықталады). Әрине білім мазмұнында ештеңе өзгермейді. Балалар бұрынғыдай, алғашқы жыл іргелі кәсіби білім базасын меңгеретін болады, өзінің одан әрі оқу траекториясын анықтап: мамандық, тілдік бөлімдер  мен оқу бағдарламасын, академиялық ұтқырлық форматын анықтайтын болады.

 

-  AlmaU-да қай тілде білім беріледі?

- Білім 3 тілде беріледі: қазақ, орыс, ағылшын. Бірақ кейбір жағдайда қазақ тобында оқитындар аз болған кезде, ол мамандықта тек орыс/ағылшын бөлімдері ғана болады. Мысалы «Бағдарламалық инженерия» (Software Engineering) және «Бизнес-аналитик және жаһандық мәлімет» (Business Analytics and Big Data) мамандықтарында оқыту тек ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Сондықтан да бұл сұрақты қабылдау комиссиясынан немесе мектеп декандарынан анықтап сұраған дұрыс болар.

 

- Қанша жыл оқу қажет?

- Мектептен кейін оқу -4 жыл, ал колледжден кейін оқу -3 жыл  (бірақ бұл сіздің оқыған  мамандығыңызға байланысты болады) немесе НЗМ-нан кейін де 3 жыл оқиды. 2 курсқа қабылдау туралы шешім негізгі оқу пәндері  бойынша тестілеуден кейін қабылданады, қажет болған жағдайда шет тілінен де тест тапсырады.

- Шетелдіктер уақытша тіркеуді ресімдеуі үшін қайда хабарласулары керектігін айтып, түсіндіріп берсеңіз?

-Шетел азаматтарының төлқұжаттары тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша бес күнтізбелік күн ішінде ішкі істер органдарына олардың тұратын жерінде тіркелуі тиіс. Шетел азаматтарының төлқұжаттарын ресімдеу үшін- Қазақстан Республикасының визалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасына визасыз кіру және болу тәртібі туралы келісімдер жасаған елдердің азаматтары үшін - Университеттің өтініші негіз болып табылады.

 

- Мұндай тіркеуден  үнемі өтіп тұру керек пе?

- Иә, шетелдік студенттердің төлқұжаттары бір оқу жылына немесе семестрге тіркеледі. Шетел азаматы Қазақстан Республикасында өзінің уақытша тұратын жерін ауыстырған кезде Университет бұл туралы Ішкі істер органдарына жазбаша хабарлауға міндетті. Шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында еркін жүріп-тұра алады.

 

- Тіркеуге тұру үшін қандай құжаттар қажет?

-Әрине, Қазақстан Республикасына келетін шетел азаматы туралы мәліметтерді қамтитын паспорт, көші-қон картасы  оның ел аумағында уақытша болуын бақылау үшін қызмет етеді. Көші-қон карточкасында шетелдіктің тегі, аты, келу мақсаты, қабылдаушы Тараптың тіркеу мекенжайы көрсетіледі. Флюорография( түпнұсқа, ҚР-да жасау керек), ЖИТС орталығынан анықтама (түпнұсқа, ҚР-да жасау керек), 3×4 фото (2 дана). Университет жатақханасында тұрмаған жағдайда, тұрғын үйді жалға алу шартын (көшірме) және жалға берушінің нысаны бойынша өтінішті ұсыну қажет. Сондай-ақ білім алушыны қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қажет. Студентті тіркеу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттардың тізбесін, сондай-ақ уәкілетті адам қол қойған қолдау хатты дайындайды және 5 күнтізбелік күн ішінде тұрғылықты жері бойынша Көші-қон полициясы басқармасында тіркеледі.

 

-  AlmaU-да  жатақхана бар ма?

- Әзірге жатақхана жоқ. Бірақ бұл мәселе шешіліп,  жақын уақытта салынатын болады.  Алматы Менеджмент Университеті студенттерге айына 40-60 мың теңге тұратын  әртүрлі отельдер мен хостелдерді ұсына алады.

 

- AlmaU-да студенттік өмір қалай ұйымдастырылған?

-Біз үшін білім алушылардың студенттік өмірі  өте маңызды, оны ұйымдастыруда  студенттермен жұмыс жасау орталығы маңызды рөл атқарады. Жыл сайын студенттер идеологиялық топпен бірге қалалық, ұлттық және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасты дамыту және жарқын студенттік өмірді алға жылжыту, сондай-ақ университеттің студенттік іс-шараларын  ұйымдастыратын Студенттік Кеңестің президентін сайлайды. Студенттік кеңестің басшылығымен студенттік өзін-өзі басқару жүзеге асырылады, олар университеттің 10-нан астам студенттік клубтарының қызметін реттейді.

Студенттерде жайлы және әдемі безендірілген: Creative Zone (Креатив Зона дәрісханаларын алдын ала сілтеме бойынша бронь жасай алады: http://booking.almau.edu.kz), AlmaU Knowledge Building жаңа дәрісханалар бар( 6 қабатты ғимарат салынған), бұл жерлерде олар өздерінің жобалары мен ойларын жүзеге асыра алады.

 

- Бірінші курс студенті студенттік билетті қайдан жасата алады?

- Мәліметтер базасына студент туралы жеке мәліметтерді енгізу, тіркеу, студенттік билетті ресімдеу, сынақ кітапшасын алу, жеке оқу жоспарларын, транскрипттерді және т.б. беру мәселелері бойынша 1 қабаттағы тіркеу офисіне хабарласуға болады.

 

-  AlmaU-да оқудың қандай артықшылығы бар?

-Бірінші артықшылық, эдвайзерлік институт - Academic Advising Service жұмыс істейді: кураторлар студенттерге кең ауқымды мәселелерді шешуде қолдау көрсететеді. Екіншіден, дербестендірілген білім алу жүргізіледі, студентке академиялық еркіндік беріледі. Кез келген студент оқытушыны, курсты, оқу уақыты мен тілін таңдай алады, жеке білім беру траекториясын қалыптастыруда студенттерге Тіркеуші офисі көмектеседі. Үшіншіден, тек AlmaU-да білім беру мен блоктарының  жүйесі жұмыс істейді, оған сәйкес балалар бірқатар артықшылықтарға ие болады: біз студенттерді сыни ойлау, дизайн-ойлау, шешендік өнер дағдыларына, Академиялық хат ережелері мен құралдарын меңгеруге, тайм-менеджментке, кәсіпкерлік құзыреттілікті дамыту шеңберінде бизнес философиясына және бизнес-коммуникацияларға үйретеміз және т. б. ерекшеліктер бар.

Әрине, бұл негізгі және кәсіби білімді қамтиды. Сонымен қатар, базалық модуль математиканы және тілдерді қарқынды зерттеуді қамтиды, ал кәсіби модуль бойынша үздік практиктер шақырылып, халықаралық талаптар мен сертификаттарға сәйкес ынтымақтастық жұмыстары жүргізіледі. AlmaU сонымен қатар студенттерге академиялық білім алмасу / академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелдік серіктес университеттерде оқуға мүмкіндік береді.

 

- Студенттер қандай университеттерде оқи алады?

- 2 курстан бастап өздері  оқуға түскен мектептеріндегі шетелдік серіктес университеттерде оқуға  мүмкіндіктері бар.

 

- Қазіргі уақытта Университетте неше шетелдік серіктес оқу орны бар?

- Бізде Америка, Еуропа  және Азияның 39 елінде орналасқан 115-тен астам серіктес университет бар.  Сонымен қатар 24 халықаралық  ассоциация мен ұйымға мүшеміз. 11 бағдарлама бойынша қос диплом бар.

 

 - «Қос диплом» бағдарламасын қалай түсінуге болады?

- Біздің университетке қос диплом бағдарламасына оқуға түскен студент 4 жылдан кейін 2 диплом – AlmaU және шетелдік серіктес жоғары оқу орнының дипломын  алады. Әрине, бұл бағдарламаларда өздерінің ерекше талаптары бар, бұл туралы ЖОО-ның академиялық ұтқырлық бөлімінен толығырақ білуге болады.

 

- Қысқа мерзіміде білім алу және шетелдік тағылымдамалар  бар ма?

- Әрине, атап айтқанда, студенттер, оқытушылар және университет қызметкерлері Erasmus + бағдарламасы бойынша келесі елдерде оқуға және тағылымдамадан өтуге мүмкіндіктері  бар: Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Польша, Эстония, Литва, Түркия және Чехия.

 

- Бұрын БДФ жетекшілік еткен Service Learning жобасы туралы айтып берсеңіз? Бұл жоба сіздің факульттете қалды ма?

- AlmaU - да болашақ көшбасшыларды дайындаудың ең басты қағидаларының бірі студенттердің рухани, қайырымдылық және адамгершілік дағдыларын қалыптастыру, дамыту болып табылады. Осы қағидатқа сәйкес 2015-2016 оқу жылында БДФ базасында Service Learning – қоғамға қызмет етуге оқыту жаңа жобасы  іске қосылды. 3 жыл ішінде Service Learning бағдарламасы бойынша 1200-ден астам студент білім алып, 50-ден астам студенттік әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды. Әрине, бұл жобаны біз сақтаймыз, алдағы уақытта оған мемлекеттік саясат пен құқық Жоғары мектебі жетекшілік етеді.

 

- Егер студенттің қоғамдық әлеуметтік өміріне қатысуға ниеті болмаса, Service Learning –ке қатысудан бас тартуына бола ма?

-Білесіз бе, алдымен Service Learning оқып жатқан студенттерде көптеген сұрақтар туындайды. Кейбіреулері бұл жобаға қатысуға, балалар үйінде болуға, ардагерлерге көмектесуге келмейді, өйткені олар бұл не екенін білмейді. Бірақ семестр өткеннен кейін, мен бұл уақытты бекер өткіздім, әлеуметтік жобаға босқа қатыстым деген сөздерін естіген емеспін. Менің ойымша, студенттер осы бағдарламаның арқасында олар өздерінің  жаңа қасиеттерін, қырларын  ашып жатады. Бұл жоба сіздердің барлық уақытыңызды алмайды, тек үнемі және толық түрде өте жауапты жұмыс істеу тәжірибесін үйретеді. Ал біз, әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарды бағалай білуге үйретеміз, сондайақ тек қана менеджер, кәсіпкер, маман ғана емес, сонымен қатар қоғамның қажеттіліктері мен талаптары туралы (тек қана өзін ойлайтын адам емес) ойлайтын әлеуметтік адам тәрбиелеу міндетін алдымызға мақсат етіп қойдық. Сондықтан, барлық бірінші курс студенттері  Service Learning-ке  қатысулары қажет.

 

 AlmaU-дың аталған жобасын қандай серіктестері қолдап отыр?

- Алматы қаласының әкімдігі, мемлекеттік мекемелер, №2 Интернат, №1 және №2 балалар үйі,  «Кеңес» қоғамдық ұйымы, «Жігер» Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жастар ұйымы, «Мүгедектігі бар балалардың ата-аналар қауымдастығы», «Әлеуметтік жоба халықаралық қауымдастығы», «Аман-Саулық» ҚҚ, «Милосердные руки», «Бауыржан», «Дара», «Ана үйі» қайырымдылық қорлары және тағы басқалар.

- Университеттің негізгі принциптерінің бірі-Академиялық адалдық туралы айтып берсеңіз?

- «Академиялық адалдық» курсы студенттердің оқуда құндылықтары мен білімдерін бағалауға жеке адалдық принциптерін дамытуға бағытталған. Бұл іс жүзінде нені білдіреді? Университетте жемқорлық жоқ, сіз біліміңіз үшін ғана баға алатыныңызға сенімді бола аласыз. Кез келген пәнде оқытушымен келісу мүмкін емес. Сонымен қатар, университетте жүзеге асырылған Antiplagiat жүйесі арқасында оқытушы түпнұсқалық жұмыс орнына  шетелдік жұмыстардан жиналған материалдарды өткізгендігіңізді бірден біледі, плагиат екендігін анықтайды. Айта кету керек, мұндай нәрселер қатаң түрде жазаланды.

 

-  Спортпен айналысатын белсенді студенттерге қандай мүмкіндіктер қарастырылған?

-Әрине, біз студенттеріміздің денсаулығы мен жақсы спорттық күйде болуына  қамқорлық жасаймыз. Бізде медициналық пункт бар,  Sport&Art Zone жұмыс істейді, онда:  баскетбол, волейбол, үстел теннисі, самбо, джиу-джитсу, киокушин каратэ секциялары бар. Университеттің студенттерін салауатты өмір салтымен таныстыру мақсатында «SPORT LIFE» студенттік клубы жұмыс істейді. «AlmaU» креатив орталығы бал билерін, латын американдық биін ұнататындарға арналған секциялар ұйымдастырылған. AlmaU Mountain Club альпинизм клубы бар, онда табиғатқа экскурсияға шығып, тауларда серуендеуді үнемі ұйымдастырады. Биылғы жылы Тау клубы университеттің 30 жылдығына орай 30 шыңды бағындыруды жоспарлап отыр, оған - университеттің студенттері және барлық ниет білдірушілер қатысып, қосыла алады.Спортпен айналысушылар үшін бізде көптеген жобалар жұмыс істейді.

 

-AlmaU-ға ҰБТ тапсырмай,  тек шығармашылық емтихан арқылы оқуға түсуге бола ма?

- Жоқ олай мүмкін емес. Шығармашылық емтиханмен қатар ҰБТ тапсыру керек.

 

- Оқу ақысын төлеуде жеңілдіктер қарастырылған ба?

- Бар, әрбір студент жеке өтініш жазып, кесте бойынша ақшасын бөліп төлей алады. Оқу құны кредиттердің саны мен құнына қарай есептеледі. Бізде биылғы жылы 1 кредиттің құны  28 000 теңге тұрады, студент бір жыл ішінде 39 кредитті жабуы тиіс, сәйкесінше оқу жылының құны 1 092 000 теңгені құрайды.

 

- Оқу ақысын бірден  төлеу керек пе?  Әлде бөліп төлеуге бола ма?

- Екі траншпен немесе оқу жылының барлық сомасын бірден төлеуге болады. Егер сіз 10 тамызға дейін ақшаны, бір жылға түгелдей төлесеңіз  сіз 5% жеңілдік аласыз. Жеңілдіксіз төлем мерзімі 1-ші транш үшін 25 тамыз және қысқы каникул кезінде 2 семестр басталғанға дейін – 2-ші траншты төлеу қажет.

 

-Ақшаны қайда төлеу керек?

- Қолыңызда AlmaU-дың реквизиттері болса, кез келген банкте төлеуге болады.

 

- IELTS-ты  университетте тапсыруға мүмкіндік бар ма?

- Жоқ, университетте IELTS тапсырылмайды. Біз ондай  аттестациялық  орган емеспіз,бірақ біздің  университет базасында басқаша мүмкіндіктер қарастырылған. Әрбір сенбі күндері British Council біздің оқу орнында IELTS-тан тест қабылдайды, тест тапсыру үшін   British Council-ға тіркелу керек және бұл  процедура 52000 теңге тұрады.

 

- Университет студенттерді жұмысқа орналастыра ма?

- Иә, бізде мансапты жоспарлау және түлектермен жұмыс  орталығы істейді, біз тағылымдамадан өту және жұмысқа орналастыру үшін мекемелерді, жұмыс  орындарын ұсынамыз. Егер Сіз байқаудан, әңгімелесуден сәтті өтсеңіз, сіз жұмысқа орналаса аласыз. Бізде барлығы 400 компания мен жұмысқа орналасу серіктестері бар. Мансапты дамытудың барлық мәселелері бойынша МЖжТЖО директоры Назым Арзимбетоваға хабарласуға болады.

- Сұхбаттасқаныңыз үшін рақмет!

Поделиться: