Академиялық мобильділік дегеніміз не?
Академиялық мобильділік – бұл білім алушыларды немесе зерттеуші оқытушыларды белгілі бір академиялық кезеңге, яғни семестр немесе оқу жылына басқа ЖОО-ға оқуға немесе зерттеу жұмысын жүргізуге жіберу. Мұндайда өз оқу орнында алынған білім бағдарламалары кредит түрінде белгілі тәртіпте сыналады.
Академиялық мобильділік дәстүрлі шетелдік тағлымдамадан ерекшеленеді, біріншіден, студенттер шетелге шектеулі болса да ұзақ мерзімге оқуға барады, ол 1 семестрден 1 оқу жылына дейін жалғасады, екіншіден, олар тағлымдама кезінде толық білім алады, тілді меңгереді, жеке таныстыру пәндерін оқиды және толық семестрлік курстан өтеді, бұлар базалық ЖОО-ға оралғанда ескеріледі. «Базалық ЖОО» дегеніміз – студенттің оқуға түскен және диплом алғысы келген ЖОО-сы.
Ендеше кез келген студентте 1 семестрге немесе 1 жылға академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқуды таңдау құқығы бар.
Мобильділік бағдарламасына кім қатыса алады?
Академиялық мобильділік бағдарламасына 2-3 курс студенттері қатысады, себебі 1-курста жалпы білім беру пәндері оқытылады. Соңғы курста практикадан өтеді және диплом жұмысын жазады, сондықтан студенттер академиялық мобильділік бағдарламасына қатыса алмайды.
Бағдарламаға қатысу үшін не қажет? Студенттерге қойылатын талаптар бар ма?
Бағдарламаға қатысу үшін, Сіз «жақсы» және «үздік» деген бағаға оқып, Академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша студенттерді іріктеу конкурсына қатысуға өтініш беруіңіз керек.
Бұдан басқа, Сіз шетелге шыққыңыз келсе, ағылшын тілін өте жақсы меңгеруіңіз керек.
Академиялық мобильділік бағдарламасына қатысу маған не береді?
Академиялық мобильділік бағдарламалары – өз дүниетанымынды кеңейту, басқа елге шығу, басқа мемлекеттің ЖОО оқу тәжірибесін алу мүмкіндігі. Мұның барлығы жаңа достар табу, келешекте өзінің бәсекеге қабілеттілігінді арттыруға көмектеседі.
Академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша білім алу кезінде Университеттегі менің оқуым қалай орындалады? Студент жол жүрер алдында қабылдаушы ЖОО-да өтетін курстар бойынша келісім жүргізіледі, себебі олар университеттегі бағыттармен сәйкес келуі керек.
Сізге керегі – қабылдаушы ЖОО-ның бағдарламасын сәтті меңгеру, сессия тапсыру, соңында баға туралыакадемиялық анықтама алу. Университетке оралғанда, Сіздің бағаларыңыз ескеріледі, өтілмеген пәндерді жазғы семестрде қайта тапсыру керек.
Біздің серіктестер: (мында басыңыз) (directory)
Ішкі конкурсқа қатысу үшін академиялық ұтқырлық бөліміне жіберілуі қажет құжаттар тізімі:
- Өтініш формасы және өтініш (мында басыңыз) (анкета и заявление)
- Мотивациялық хат ағылшын немесе орыс тілдерінде
- Академиялық жазбалар
- Паспорт
- 2 фото
- Ұсыныс хаттар
- Ата-ананың келісімі
Академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша қалай қосымша ақпарат алуға болады?
Меруерт Утениязова
Шығыс академиялық ұтқырлық менеджері
Эл. адрес: m.uteniyazova@almau.edu.kz
Тел.: + 7 727 313 30 44, (404)