Алматы Менеджмент Университеті – әлемдік деңгейдегі әлеуметтік жауапкершілігі мол кәсіпкерлік университет.
Миссиясы:
"Біз кәсіпкерлік саналы көшбасшылардың жаңа буынын даярлаймыз және қарқынды дамушы қоғамдарда білім экономикасының дамуына ықпал етеміз".
Алматы Менеджмент Университеті білім беру нарығында 34 жыл жұмыс істеп келе жатқан еліміздегі жеке меншік жоғары оқу орны, Қазақстан Республикасындағы 1-ші бизнес-мектеп, ТМД-да бизнес білім берудің пионері.
AlmaU-дың тарихы 1988 жылы шағын Менеджмент мектебінен басталды. Аталған мектеп біздің жас еліміз үшін менеджерлердің алғашқы жаңа буынын дайындап шығарды. 1996 жылы алғашқы кезеңнен табысты түрде өткен Алматы Менеджмент Мектебі (АлММ) Халықаралық Бизнес Академиясы болып өзгертілді. ХБА құрылғаннан кейін 25 жыл өткен соң, Академия алға ілгерілеп алға дами отырып, УНИВЕРСИТЕТ статусын алды. Жаңа стратегиясына сәйкес 2014 жылы университетке Almaty Management University деген жаңа атау беріліп, Кәсіпкерлік университет моделін құру қолға алынды.
Университет –қазақстандық алғашқы кәсіпкерлерді менеджмент мамандығына дайындап, ҚР-да бірінші рет МВА және DBA бағдарламалары оқыта бастады. Университетте алдыңғы қатарлы оқытушылар жұмыс істеп, ең үздік түлектер дайындалады.
Университеттің басты құндылықтары:
1 Көшбасшылық
2 Кәсіпкерлік
3 Адалдық
4 Тұрақты даму
5 Жауапкершілік
Бүгінгі AlmaU
AlmaU-да 9 мектеп және 4 орталық жұмыс істейді: Менеджмент Мектебі, Экономика және Қаржы Мектебі, Саясат және Құқық Мектебі, Сандық Технологиялар Мектебі, Қонақжайлылық және Туризм Мектебі, Кәсіпкерлік және Инновациялар Мектебі, Медиа және Кино Мектебі, Урбанистика Орталығы, Креативті Индустриялар Орталығы. Оған қоса, университетте Жоғары Бизнес Мектебі бар.
Білім беру қазақ, орыс, ағылшын 3- тілде жүргізіледі, 20 –дан астам мамандық бойынша білім беріледі, атап айтқанда: менеджмент, қаржы, маркетинг, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі, аймақтану, бағдарламалық инженерия, бизнес сарапшы және жаһандық мәліметтер және т.б.
Университетте үздіксіз білім беру жүйесі жұмыс істейді:
Колледж — Бакалавриат — Магистратура — Докторантура
MBA — EMBA — DBA
Қысқа мерзімді бағдарламалар, курстар мен тренингтер.
Әлеуметтік жауапкершілік
AlmaU-дың даму стратегиясының бағыттары-Университетті әлеуметтік жауапкершілігі бар ұйым ретінде және қоғамда әлеумет үшін жақсы жағдай қалыптастыруға бағыттау болып табылады. Университетте «Еліміздің жоғары оқу орындары ауыл мектептерін қолдайды бағдарламасы», «Ұлытау-мәдени-лингвистикалық лагері», «Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік жобалары жұмыс істейді. БАҚ өкілдері мен авторлар үшін «ЗачОт» байқауы, Charity Wish Tree әлеуметтік жобасы, 2015 жылдан бастап студенттерге көшбасшылық - Service learning («Қоғамға қызмет» - әлеуметтік ұйымдарда жұмыс істеу арқылы моральдік қасиеттерді дамыту) жаңа пәні енгізілген. Жыл сайын білімге құштар дарынды талапкерлер мен студенттерге Университеттің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қаржылай қолдау көрсету мақсатында 100 млн. теңге грант пен жеңілдіктер бөлініп отырады.
Өкілдіктері
AlmaU-дың Астана, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Қызылорда, Шымкент қалаларында өкілдіктері жұмыс істейді. Өкілдіктер жұмысындағы басты бағыт шағын және орта бизнес жетекшілерін МВА және DВА бағдарламасы бойынша, сонымен қатар семинарлар мен тренингтерде оқыту болып табылады.
Аккредитациялар мен рейтингтер
AlmaU – қазақстандық және халықаралық деңгейдегі аккредитациялар мен марапаттарды алдыңғы қатарда иеленген Қазақстандағы университеттердің бірі.
Халықаралық аккредиттеу
AlmaU-дың Жоғары Бизнес Мектебінің жалғыз МВА бағдарламасы, Орталық Азия мен Қазақстандағы АМВА аккредитациясын иемденген Ұлыбритания (2013-2026)
2021 жылы AlmaU Жоғары Бизнес Мектебі мен Қонақжайлылық және Туризм Мектебі ресми түрде Association of MBAs (AMBA) және Business Graduates Association (BGA) бизнес-білім берудегі екі жетекші әлемдік ұйымдардан бірлескен аккредиттеуден нәтижелеріне ие болды.
Қазақстандық аккредиттеу (институционалдық және мамандандырылған)
Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттіктің (БСҚТА, IQAA) аккредитациялық ұлттық бағдарламасы (2019-2024)
Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттікті 5 жыл мерзімге институционалдық аккредиттеу (2019-2024)
Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің мамандандырылған аккредиттеуі 5 жыл мерзімге (2022-2027)
Аккредиттеу және рейтингтер тәуелсіз агенттігінің (IAAR) ұлттық бағдарламалық аккредиттеуі (2016-2021)
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің мамандандырылған аккредиттеуі 5 және 3 жыл мерзімге (2021-2024, 2021-2026)
СМЖ сәйкестігін сертификаттау
Кәсіби сертификаттау
Рейтингтер
AlmaU General МВА бағдарламасы бойынша QS World University Rankings: Global MBA 2023 #201-250 және QS Global MBA Rankings: Asia 2023 #38 рейтингінде үздіктер қатарында
ЖБМ AlmaU мен ВШМ СПбГУ QS WUR EMBA 2022: Joint programmes 2022 университеттерінің әлемдік рейтингісі бойынша #23 қатарына кірді
ТОП-200 Eduniversal халықаралық рейтинг агенттігінің қорытындысы бойынша, әлемдік ең үздік бизнес-мектеп рейтингінде, Франция, 2021
ТОП-3-тікте Орталық және Оңтүстік Азия географиялық аймағына кіретін ең үздік бизнес - мектеп, Eduniversal халықаралық рейтинг агенттігінің қорытындысы бойынша, Франция, 2017, 2019
Ресей және ТМД бизнес-мектептері рейтингі бойынша- 2022
«Бірінші деңгейлі» аккредитациясы бар шетелдік жоғары оқу орындарымен қос диплом бағдарламасын жүзеге асырушы бизнес-мектептер арасындағы үздік 2- орында
«Бірінші деңгейлі» аккредитациясы бар шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік саны жөнінен ТМД бизнес-мектептер рейтингі бойынша үздік 4- орында
Марапаттар
CEEMAN Champion Awards School Leader of the Year номинациясы бойынша – Gulnara Kurenkeyeva, 2021
CEEMAN Champion Awards Teacher of the Year номинациясы бойынша - Aurora Diaz, 2022
CEEMAN Champion Awards Responsible Management Educator of the Year номинациясы бойынша - Prof. Alberto Frigerio, 2022
«Топжарған» беделді рейтингтер қатарындағы үздік Алматы Менеджмент Университетi:
«Білім» саласындағы қазақстандық компаниялардың «Топжарған» беделді рейтингтер қатарындағы үздік - 1 орында
Ең үздік қазақстандық компаниялар рейтингі бойынша үздік - 6 орында