Қымбатты достар!
Алматы Менеджмент Университеті Сіздердің назарларыңызға «Ұлытау» мәдени-лингвистикалық лагері» атты қазақ тілін үйрену бойынша бірегей инновациялық бағдарламаны ұсынады
Қазақ тілін төрт деңгейде қарқынды оқыту (қарапайым, бастауыш, орташа, жалғастырушы), қазақ тілінің мәдениетімен танысу: 10 адамнан тұратын топтарда 40 сағаттық сабақ.
2 Салт-дәстүрді үйрену
Арнайы дайындалған оқулықтарда, жұмыс дәптерлерінде берілген салт-дәстүрлер мен рәсімдер қазақ халқының мәдени мұрасы туралы тілдік материалдар арқылы бекітіледі
3 Ортаға ену
Тілдік және мәдени ортаға толық ену үшін - қазақ ауылының тұрмысына жақындатылған ортада өмір сүру. Киіз үйлерден тұратын жазғы лагерь Алматы облысы Іле Аталауының бөктерінде орналасқан.
4 Экскурсиялар
ХІІІ - ХІХ ғасырлардың бірден-бір ерекше жәдігерлерін тамашалау және қасиетті жерлерге, көне қорғандардың қазбасына, қорықтарға бару.
5 «ҰЛЫТАУ» БҰЛ:
Халық қолөнершілерінің , музыканттардың, бишілердің шеберлік мектептеріне қатысу;
Атқа міну дағдысы, киіз үй құру, қонақжайлылық салтымен танысу;
Дәстүрлі ғұрыптарды ойын түрінде көрсету, ұлттық ойындар;
Әндер, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, көркем әдебиетті оқу;
Қазақтың көркем фильмдерін көру;
Қазақтың ұлттық тағамдары.