Шетел студенттердің визасы

Алматы Менеджмент Университетінде білім алатын шетел студенттерінің визасы және тіркелуі

Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының 22.07.2011 жылғы №477-IV «Халықтың көші-қоны туралы туралы» Заңына, 22.07.2011 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңына сәйкес әрбір шетел азаматы және азаматтығы жоқ тұлға ҚР-на кірерде миграциялық карта алып, толтыруы тиіс. Миграциялық картаны шетел азаматы өзі толтырады – түсінікті түрде, түзетусіз, орыс тілінде. Шетел азаматы орыс тілін білмеген жағдайда өзі туралы мәліметтерді төлқұжатта немесе тұлғаны растайтын басқа құжатта көрсетілген мәліметтерге сәйкес латын алфавитінің әріптерімен толтыра алады. Миграциялық картасын әрбір шетел азаматы жасына тәуелсіз толтырады.

«ҚР-ға келу мақсаты» деген жолдарына «оқу» деп көрсету қажет.

1. Шетел азаматы оқу визасымен Қазақстанға келіп, Алматы Менеджмент Университетінде ғана білім ала алады. Шақыруды АлмаU Халықаралық даму бөлімі алдын ала рәсімдейді.

АлмаU Халықаралық даму бөлімі қажетті құжаттар тапсыру мерзімі – елге келу болжанған күнге дейін 45 күн бұрын. Шақыру Алматы қаласындағы ҚР СІМ-мен рәсімделеді, шақыру рәсімдеу мерзімі – 5-15 күн. Бірінші рет алынатын виза сыйақысы 0,5 АЕК.

2. АлмаU шетел студенті Қазақстан Республикасына келген күннен кейін бес күн ішінде миграциялық тіркеуге тұруы керек.

3. Тіркеуді ұзарту үшін шетел студенті АлмаU Халықаралық даму бөліміне тіркеу аяқталған күннен 10 күн бұрын келу керек (тіркеу 01 қыркүйекте аяқталса, студент 20 тамызда келу керек). Виза ұзарту үшін төлем 30 АЕК. Этникалық қазақтар (қандастар) виза ұзарту үшін төлемінен босатылады.

4. ҚР шекарасынан өткен сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде шетел студенті

АлмаU Халықаралық даму бөліміне келу керек:  Алматы қ., Розыбакиев көшесі, 227, каб. 303 , 115,

тел.: +7 727 313-30-40, вн. 145,

e-mail: n.mukhamediyeva@almau.edu.kz

Наргиз Мухамедиева, Менеджер Халықаралық академиялық ұтқырлық бөлімінің бастығы, Global AlmaU

 

Келесі құжаттарды ұсыну керек:

а) Ұлттық төлқұжат (түпнұсқа); 

б) Шекарадан өту туралы белгісі бар миграциялық карта (түпнұсқа + көшірме); 

в) ВИЧ-жұқпалы дертіне зертханалық зерттеуден өткені туралы анықтама (сертификат); 

г) 1-курс студенттері үшін - 3х4 фотосуреттер – 2 дана;

д) Алматы қ. ІІД бастығының атына тұрғын үй иесінің келісімі (шетел студенттің өзіне тиесілі тұрғын үйде тұруға және осы мекенжай бойынша миграциялық тіркеуге қоюға) бар нотариалдық расталған өтініш;

е) тұрғын үй иесінің куәлік көшірмесі;

ж) тұрғын үйді жалға алу туралы келісімшарттың көшірмесі

5. Қысқы және жазғы демалысқа кетер алдында алыс шетелден келген шетел студенті кіріс-шығыс визасын рәсімдеу қажет. Жазғы демалыстан Алматыға қайтып келген кезде студент миграциялық есепке тұру процедурасын қайта өту керек.

6. Тұрғылықты жеріне, байланысу ақпаратына қатысты барлық өзгерістер туралы, статусының өзгеруі (уақытша тұруға рұсқат алу, тұру рұқсаты, ҚР азаматтығын алу) туралы студенттер дер кезінде  АлмаU Халықаралық даму бөлімі қызметкерлеріне хабарлауы қажет.

7. Басқа себептермен оқу жылы ішінде ҚР-дан кеткен жағдайда студент АлмаU Халықаралық даму бөліміне оқу  кезінде кету себептері көрсетілген өтінішті және декан рұқсатын ұсынуы қажет.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Шетел студенттері ҚР аумағында еңбек етуге құқығы жоқ. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ҚР Кодексіне сәйкес шетел азаматының миграциялық тіркеуге уақытында тұрмауы әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және айыппұл салынады немесе елден депортацияланады.

Құжаттар жоғалған жағдайда АлмаU-дың  Халықаралық даму бөлімі қызметкерлеріне хабарласуы қажет.

Шетел азаматтарын оқу жылы ішінде аса қажеттілік болмаса, оқуды тастап кетпеуін сұраймыз.

 

Жағдай бойынша ақпарат​ 05.08.2021. Ақпаратты ұтқырлық бөлімінің қызметкерлерінен тікелей нақтылап алыңыз​https://almau.edu.kz/kz/kontakty-9816