X, Y, Z – ұрпақтардың тұрпаттамасы

Жаңалықтар

Желтоқсан 03, 2015

X, Y, Z – ұрпақтардың тұрпаттамасы

2 желтоқсанда  AlmaU-да апта сайын өткізілетін «Алматы Менеджмент Университетінің ғылыми ортасы» атты семинар болды.

Семинар спикері – Ақмарал Алталиева, AlmaU  Бизнес Жоғары Мектебі профессоры – калифорниялық әріптестерінің  Azusa Pacific University (Wendi Dykes, Jillian H. Gilbert, Gary Lemaster, Michael White)  «Y және Z дивергентті ұрпақ: бізді шеттетіп тастамай ма»? деген тақырыбына тұсаукесер жасады.

Осының алдында профессор  көшбасшылық бойынша  Барселонада өткен «Annual ILA Global Conference» атты Халықаралық  конференцияға қатысқан болатын, конференция аясында көптеген теоретиктер мен практиктердің  сөздері тыңдалды. AlmaU –ға келгеннен кейін Ақмарал Алталиева әріптестерімен ойын бөліскісі келді. 

Семинар кезінде мынадай тақырыптар қамтылды:

- 2015 жылғы Конференциялар туралы ақпарат және тақырыптарына шолу.

- Жыл сайынғы конференциялар материалдарының презентациясы, 2015, қазан, Барселона: «Y және Z дивергентті ұрпақ: бізді жұмыссыз қалдырмай ма?»

- Осы тұрпаттаманың ҚР шынайы өміріне жақындығын талқылау және  қазақстандық студенттер қауымына ұсынылған презентациядаға американдық зерттеушілер ұсыныстарының өзектілігі.

- Azusa Pacific University және  Alma University зерттеушілерінің  халықаралық жобасы аясында «Қазақстан және X, Y, Z тұрпаттамасы » дөңгелек үстеліне қатысушылар сауалнамасы.

Семинарда жасалған  қорытындының бірі басты тұжырымға айналды, онымен көпшілік келісті, яғни  Z ұрпағын және одан кейінгілерді  гаджеттер мен мобильді технологияларды  қолдану арқылы  оқыту керек, себебі осы ұрпақтың өкілдері білім алудың басқа көздерін қолданбайды әрі қабылдамайды. Қазақстандағы  X, Y және Z  ұрпақтарының саны:

Идентификация

Саны

Жылдар

Х ұрпағы

2.35 млн. – 13,4% тұрғын

1965-1976

Y (NET) ұрпағы

4.568 млн. – 26% тұрғын

1977-1997

 Z (NEXT) ұрпағы

2.4 млн. – 13,7% тұрғын

1998-қазіргі уақыт.

 

Сонымен қатар, семинар аясында әр ұрпақтың  өкілдері бір-бірімен қалай қарым-қатынас жасау керек екені талқыланды және оқытушыларға NEXT ұрпағын оқытуға қалай дайындалу керек екені, ал қызметкерлер мен бастықтарға қалай басқаруға және бірігіп жұмыс істеуге болатыны жайлы  пікірлер айтылды.  

Бөліс: