РестоРаунд: Қазақстандағы мейрамхана бизнесінің трендтері

Жаңалықтар

Ақпан 22, 2019

РестоРаунд: Қазақстандағы мейрамхана бизнесінің трендтері

21 ақпан күні AlmaU-дың Қонақжайлылық және туризма мектебі Қазақстанның мейрамхана бизнесінің трендтері бойынша алғашқы рестораунд-дөңгелек үстел ұйымдастырды. Рестораунд дегеніміз-практикалық тәжірибе алмасуға және отандық рестораторлар өмірінің нақты жағдайларын -кейстерін талқылауға болатын рестораторларға арналған пікірталас алаңы. 

Алғашқы рестораундқа  белгілі он спикер жиналды, олар:

Гаухар Ассион, Chez Mademoiselle (Париж, Франция) мейрамханасының иесі, ұсынатын тақырыбы: «Мейрамхана тұжырымы: «Мишленге» қалай төрт рет гид болу әдісі».

Радован Симонович, Cafe Central және Roma Caffe (Dostyk Plaza СО) мейрамханаларының директоры, тақырыбы: «Сауда орталықтарында мейрамхана ашу тәжірибесі мен оның қиындықтары».

Олег Литвинов, Brand ambassador MONIN, тақырыбы  «Жаңашыл трендтерді бақылау немесе жаңаша үрдістерді ұйымдастыру».

Мадина Смыкова, AlmaU профессоры, тақырыбы  «ҚР мейрамхана нарығын дамытудың негізгі үрдістері».

Эдгар Давтян, «Ларисс Иванну Хачу», "Saebiz", "Seven Seven" караоке бар жобаларының  иесі, тақырыбы «Мейрамхана ашудағы маркетингтік жоспар, меншік иесінің көзқарасы».

Дмитрий Королев, "Parmigiano Group", Barmaglot шеф-бармені, тақырыбы  «Қазақстандағы мейрамхана бизнесіндегі кадр тапшылығы мәселесі».

Сейтжан Оспанов, Қазақстандағы алғашқы мейрамхана мектебінің негізін   қалаушы, тақырыбы «Даяшылар –мейрамханадағы сату бөлімі болып саналады».

Жардем Оспанбеков, Beam Suntory алкогольді брендінің Brand ambassador,   3 Branches консалтингтік агенттіктің негізін салушы, тақырыбы «Мейрамхана индустриясындағы Digital-жобалар».

Алексей Ковальчук, Dodo Pizza директоры, тақырыбы «Алматыдағы жеткізу қызметі нарығының болашағы».

Алима Балгабекова, "DoubleTree by Hilton Almaty" отелінің сату және  маркетинг бөлімінің директоры, тақырыбы «Отельдерде іс-шаралар өткізу кезінде аутлет жұмысын тиімді ұйымдастыру».

Спикерлер өздерінің кейстерімен бөлісіп, Мейрамхана қызметі нарығын дамыту мәселелерін талқылады, сондай-ақ қызмет көрсету саласы үшін мамандар даярлаудағы қазақстандық білім берудің мәселелері жайлы талқыланды.

AlmaU-дың бірінші проректоры Алмагүл Қанағатова университеттің білім беру мүмкіндіктерімен таныстырып, қонақжайлылық пен туризм мектебінің дамуы туралы айтты.

Аталған іс-шара Ольга Зоринаның "Ветер странствий" журналы мен сайт беттерінде жарияланады.

Университет атынан барлық спикерлерге өздерінің қызықты баяндамалары үшін алғыс айтып, барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен кәсіби өсу жолында табыс тілегіміз келеді!

Бөліс: