Нағыз «заттар интернеті» дегеніміз - бұл үтік сіздің сырласыңызға айналғанда…

Жаңалықтар

Тамыз 23, 2016

Нағыз «заттар интернеті» дегеніміз - бұл үтік сіздің сырласыңызға айналғанда…

Almaty Management University Қазақстанда алғашқы рет жақын арада  IT саласындағы әлемдік трендіге айналатын тақырыптарға семинарлар өткізбекші. Кеше ЖОО-да "Электронды-ақпараттық инженерияның  жаңа технологиялық дәстүрде трансформациялануы" атты семинар басталды, осы семинардың аясында    Кремний алқабынан (АҚШ)  келген ғалымдар "Бағдарламалау мен схемотехниканың тоғысуында: интернет заттар мен кристалды жүйелерді жобалауда MIPS  процессорларын пайдалану" деген тақырыпта қысқа мерзімді курс өткізеді.

Бүгін Қазақстанда интернет  заттары туралы   көптеген адамдар естіген, бірақ оның не екенін білетіндер аз.

Интернет заттардың басты міндеттерінің бірі  - адамдарға арналған технологиялардың елеусіз жұмысының арқасында өмірді  жеңілдету. Атап айтқанда, кез келген салада - ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте, медицинада немесе тіпті үй жағдайында.  Мысалы,  сіз үйге келгенде жайлы температура  орнап тұру үшін смартфон арқылы қашықтықтан кондиционерді қосу. Осы трендінің ауқымы мен қарқыны туралы мына сандар сөйлейді: 2014 жылы желілермен  12,6 млрд адам мен заттар тіркелді,  смартфон, планшет, ПК, перифериялық құрылғылар, сондай-ақ "ақылды" теледидар, автокөліктер, тоңазытқыштар, шамдарды қоса алғанда,    болжам бойынша, 2020 жылы бұл көрсеткіш 26 млрд-қа  жетпекші.

IMD компаниясының өкілі,  Кремний Алқабынан келген профессор Тимур Палташевтың айтуынша,  интернет заттары, турасын айтқанда, кез келген электронды құрылғылармен, тұрмыстық техникалармен араласа бастайтынымызды  болжайды.

Схемотехника және бағдарламалау семинарын ашар алдында   AlmaU президенті  Асылбек Қожахметов   озық университет әрқашан  алда болуға тиіс,  инновациялық заттарды басқаруы керек деген болатын: «Біз үшін  электрондық инженерияға қарай қозғалыс жасау – жаңа қадам, бұл кездейсоқ емес. Қазіргі уақытта  біз Инженерлік менеджмент  Мектебін  Франциямен бірлесіп ашқалы отырмыз.  Біз осы сала бойынша Тель-Авив университетімен  де маңызды келісім-шарт жасадық. Біз жаңа нәрселерден, жаңа салалардан қорықпаймыз. 25 жыл бұрын  Алматы  менеджерлер Мектебін ашқанда,  біз, шын мәнінде, мұның не екенін  білген жоқпыз. Менің ойымша, ең бастысы – өзің үшін жаңа  салада басқалардан  жарты адым алда болу керек. Уақыт дәлелдегендей, біз бір қадам алда бола алады екенбіз.  Біз әлі де  батыл түрде жаңа саланы таңдап отырмыз, бірақ соқыр сезіммен емес,  алдыңғы қатарлы университеттерге, озық профессорларға, мамандарға  сүйене отырып, алға  жылжимыз".

Өз кезегінде, Тимур Палташев компьютерлік инженерия мен электрониканың маңыздылығын атап өтті,  соның ішінде, елдің технологиялық қауіпсіздігі туралы да тоқталып кетті: «XXI ғасыр әлемі  – түгелімен  синтетикалық, онда бәрі басқаша, дегенмен  бәрі  XX ғасырға жүгінеді. Сондықтан синтетикалық әлемнің заттарымен жұмыста құзыреттілігі болмаса, лезде манипуляция объектісіне айналады. Ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлігі болып саналатын технологияның қауіпсіздігіне зиян келеді. Іс жүзінде ел  мен адамдардың өмірін сырт жақтан басқаруға мүмкіндік туады.  Меніңше, семинардың мақсаты – заманауи компьютерлік инженерия мен электроника бойынша білімді көпшілікке   тарататын мамандардың ортасын құру. Бұл білім тәуелсіз және өз тағдырын өзі шешкісі келетіндердің  бәріне керек. Олар адамдарға да халыққа да мына тез өзгеретін, жаңа әлемде  бағыт табу үшін көмектеседі".

Юрий Панчул, Imagination Technology компаниясының инженері, өз компаниясы туралы айта келіп: «Біздің жасап жатқанымыз адамдарға жылдар санап келеді. Біздің  инженерлеріміз блоктар дайындайды, бірнеше жылдан кейін оларды  микросхема жобалаушылары пайдаланады, содан кейін құрылғыларды шығарушылар «көреді». Ал   гаджет өндірісінің журналистерібұл жаңалықты тек бірнеше жылдан кейін талқылайды». Курстың Қазақстан үшін маңызы туралы айта келіп, ғалым дәл қазір республикада Intel қожалық ететін минифабрика салу мүмкін емес: «Бұл  10-12 млрд долл тұратын қаржы құю ғана емес, сонымен қатар бұл Қазақстанда жоқ арнайы білім алған мыңдаған адам. Қазақстан Ресейде жасалып жатқан шағын  минифабрикаларды жасай алмайды.    Бірақ бұл осында ешнәрсе жасауға болмайды деген әңгіме емес. Сіздің еліңізде КСРО кезінен келе жатқан дәстүр бар – ол математика, физика, инженерия салалары бойынша, бұл мағынада Қазақстан Латын Америкасы немесе Африка  емес, себебі оларда осындай дәстүр жоқ, ал  сіздің еліңіз  технологиялық даму үшін өте қолайлы жер.  Қазақстанда  кіріктірме процессорлармен жұмыс істейтін адамдар бар, дәл осы базаны түрлі салаларға «кеңейтуге» болады. Бірнеше жылдан кейін сұранысқа ие болатын инженерлерді қазір дайындап, алға ұмтылу маңызды», - дейді Панчул.

Семинардың тағы бір спикерлерінің бірі  Олег Артамонов қондырғы  жүйелер бойынша Ресейдегі алғашқы  стартаптарды ұсынушы болып табылады – ол Unwired Devices LLC (Мәскеу қаласы) компаниясының бас директоры. Олег Артамоновтың семинар жұмысына қосқан маңызды үлесі -  «Кіріктірме сенсорлық желілер және робот технологиясы бойынша интернет заттарды ауыл шаруашылығы, экология, медицина және  өнеркәсіпта пайдалан» атты мамандандырылған көрмені университеттің мұражайында ұйымдастыруы. Мұнда қонақтарға интернет заттары технологиясын түрлі салада, соның ішінде «ақылды үй» құруға қажетті заманауи жабдықтарды көрсетті.

Олегтің сөзі бойынша әлем қазір интернет заттар асқан сұранысқа ие болмақшы, бірақ нағыз сұранысты біз бір жылдан кейін көреміз.

Бөліс: