Minor-Entrepreneurship бағдарламасымен студенттерді оқыту алғашқы нәтижесін беруде.

Жаңалықтар

Ақпан 14, 2018

Minor-Entrepreneurship бағдарламасымен студенттерді оқыту алғашқы нәтижесін беруде.

Almaty Management University-де 6 ақпан күні «Өзің қалаған мамандық» атты шебер-сынып өтті, «Вектор» кәсіби бағдар беру мектебінің жетекшісі, AlmaU –дың 1 курс студенті Нұрғиса Токен спикер болды.

Шебер сыныпқа  жалпы білім беретін №40 жіне  №65 мектептің және М.Ганди атындағы №92 арнаулы мектеп-лицейдің 11 сынып оқушылары қатысты.

«Вектор» кәсіби бағдар беру мектебін «Менеджмент» мамандығының 1 курс студенті  Нұрғиса ұйымдастырды (Minor-Entrepreneurship бағдарламасы бойынша  білім алудағы қосымша «Кәсіпкерлік» траекториясысы). Осы жобаны жасау оның ойына 1 жыл бұрын талапкер  болып, университет таңдап жүрген кезде келген.

Нұрғиса өз мамандығын таңдау барысында көп ойланып, қиыншылықтарға кездескен. Оған ешкім көмектесе алмаған, себебі арнайы кәсіби бағдар беретін орталықтар жоқ. Ал ата-анасының ойынша ол грант бар мамандықтарды таңдауы тиіс еді.

Жас кәсіпкер Нұрғисаның ойынша кәсіби бағдар беру мектебін құру арқылы тек ақша тауып қана қоймай, ең алдымен мыңдаған талапкерге өзінің өмірлік мамандығын таңдауға көмектесу болып табылады.

Шебер-сынып уақытында талапкерлер өздерінің жоспарларымен бөлісті, мамандық таңдағандарын,  бірақ немен айналысып, қайда жұмыс істейтіндіктері жайлы білмейтіндіктерін айтты. Нұрғиса бұл үшін сол салада бұрыннан істеп жүрген мамандықтың иесімен сөйлесу кректігін және тәжірибеден, тағлымдамадан өту қажеттігі жайлы  әңгімеледі.

– Шебер –сынып өткізу өзіме деген сенімділігімді арттырды, мен жіберген  қателіктерімді түзетуге тырысамын және енді қалай жылжу керектігін түсінген сияқтымын-деді Нұрғиса Төкен.

 

 

Minor – Entrepreneurshipбағдарламасы туралы:

Minor – Кәсіпкерлік (Minor – Entrepreneurship) – бұл Қазақстандағы жаңа мамандықтың түрі.

 (Major – Minor бағдарламасы аясында қосымша берілетін мамандық), мұнда студенттер тәжірибелік тұрғыдан машықтанып, өз бизнесін жүргізуге үйренеді. 2017 жылы  AlmaU –да  Minor – Entrepreneurship бағдарламасына алғашқы қабылдау жүргізілді. 11 студент іріктеліп алынды, олар  Е. Татишев қоры, «Серпін» бағдарламасы, AlmaU ректорының гранттарын иеленді.

 

Бағдарлама туралы толық ақпаратты төмендегі сайттан білуге болады: http://entrepreneurship.almau.edu.kz/ және әлеуметтік желіден оқуға болады: https://www.facebook.com/EIDCi/

 

Бөліс: