Minor – Entrepreneurship студенті Салтанат Куанова АҚШ-тағы Babson College-ге оқуға барады

Жаңалықтар

Мамыр 28, 2019

Minor – Entrepreneurship студенті Салтанат Куанова АҚШ-тағы Babson College-ге оқуға барады

2019 жылдың 28 мамырында AlmaU-да Rocket Pitch аясында «Minor – Entrepreneurship» бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің бизнес-идеялар мен бизнес-жобаларының презентациясы өтті.

Аталған бағдарламаның  11 студенті KUSTO Group директорлар кеңесінің төрағасы, Forbes Kazakhstan рейтингінің №9 ауқатты бизнесмені және AlmaU Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Еркін Тәтішев, Ержан Тәтішев атындағы қордың президенті  Дана Жарикова, High Tech Academy директоры Татьяна Бассо, AlmaU корпоративтік коммуникациялар жөніндегі проректоры Мәдина Қарсақбаева, AlmaU-дың кәсіпкерлікті және инновацияларды дамыту орталығының директоры Ксения Южанинова-Караденизлидің алдында өз білімдерін көрсетті.

Rocket Pitch – бұл Babson College-де жыл сайын өткізілетін жобалар мен идеялардың презентациясының форматы. Студентке өз бизнес-идеясын тез және қысқа айту үшін 15 минут беріледі. Rocket Pitch-те "Minor: кәсіпкерлік" білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері жүзеге асырған бизнес-идеялар мен қолданыстағы стартаптардың қорытындысы көрсетіледі.

Бірінші болып "UniQ Me"  өз бизнес-жобасын Олжас Құлакеев көрсетті. Жоба іске асқан сәттен бастап жалпы пайда  көлемі 4,5 млн. теңгені құрады. Оның командасының мәліметтері бойынша жоба өз шығындарын 11 айда ақтаған.

"UniQ Me" туралы қысқаша мәлімет: Америкадан сатып алынған аппаратпен (компрессормен),  ауадан басқа барлық жерде, атап айтқанда футболкаларда, қалың киімдерде және кофталарда принттер  салады.

Слоган: "Мен ерекшемін, Сіз ерекшесіз және Қазақстан ерекше»

Салтанат Куанова, ТАТОО студиясында 2 жыл тәжірибесі бар,өзінің тұтынушылар  базасы  бар. Оның бренді TWO. DOTS. Shop деп аталады  және оны Салтанат Куанова 19 сәуір 2019 жылы құрды.

TWO. DOTS. Shop туралы қысқаша мәлімет: принттерді салған кезде шелкография әдісі қолданылады, сондай-ақ жарнамалық әдіс ретінде эко-сөмкелерде принттерді суреттеу жоспарлануда. Осылайша брендті жасаушы Салтанат Куанова пластикалық пакеттерден ерекше принттер салынған эко-сөмкелерге көшуге халықтың назарын аударуды жоспарлап отыр.

Слоган: «Принттерді суреттеуде авторлық тәсілді қолдану»

Дана Тасболатова, студенттерге мамандық таңдауда көмек көрсету туралы бизнес-идеясын ұсынды, сондай-ақ  түлектердің жақсы және әлсіз жақтарын анықтауға болатындығын айтты. Жоба үш сатыдан тұрады: тренингтер (құны 5000 теңге), жалпы тақырыптарға шеберлік-сабақтар (10000 теңге), түлектерге жеке кеңес беру (15000 теңге).

Бизнес-идея туралы қысқаша мәлімет: қазіргі уақытта дайындық жұмыстары мен лекторларды іріктеу жүріп жатыр. Сондай-ақ пилоттық жобаны іске қосу және енгізу кезіндегі жақсы жақтар мен кемшіліктер талдануда.

Әйгерім Кариева, AlmaU-дың  1-ші курс студенті және Выручим.kz бизнес-жобасының идеялық авторы. Оның мақсаты -жөндеу жұмыстары  мен ТҚС үшін құрал-саймандар мен жабдықтарды жалға беру.  Қызмет көрсету саласы  болып табылады.

Выручим.kz туралы қысқаша мәлімет: жобаны іске асыру идеясы 2018 жылдың тамыз айында пайда болды. Хабарландырулар жарнама ретінде  market.kz, olx.kz  шығарылды. Жоба жұмысы басталған кезден  бастап шығындар 826000 теңгені құрады.

Шайкиева Мадина және  Дузенко Юлия қазылар алқасы мен студенттердің назарына басты кейіпкерлер ретінде  ағасы Мадияр мен әпкесі Ақниетті  әзіл сюжетте түсіріп,  футболкалар мен басқа да киім түрлеріне сурет қылып салып сатуды жоспарлап отыр.  Әрбір сюжеттік желінің  халыққа берер тәрбиелік мәні бар.

Бизнес идея туралы қысқаша мәлімет: Жұмыс командасы  құрылған және пилоттық жобаны іске қосу  жоспарланып отыр.

Алимханова Камила және Салиева  Мадина HEALER атты онлайн-дәріхананы телефон қосымшасы ретінде шығару туралы  бизнес-идеяларын көрсетті.

HEALER туралы қысқаша мәлімет: онлайн-дәріханада  жеке аккаунт болады және денсаулық туралы ақпарат жазылуы  жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта бизнес-идея Алматы қаласы аудандары бойынша барлық дәріханаларда  талқылану сатысында.

Алибеков Санжар "A1: ақылды визиткалар және  күнтізбелер" жобасын таныстырды.

Қысқаша мәлімет:  "A1: ақылды визиткалар және күнтізбелер" заманауи адамның жұмыс өнімділігін арттыруға арналған. Визиткалардың  көлеміне байланысты Platinium және Silver сияқты түрлерін шығару жоспарлануда.

Кудайбергенов Салауат студенттер үшін тағылымдама ұйымдастыру туралы бизнес-идеясын ұсынды.

Бизнес-жоба туралы қысқаша мәлімет: қазіргі уақытта деректер базасын жинау және жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізілуде.

Слоганы: "Тағылымдаманы ұйымдастыру -тәжірибе алудың бастамасы»

Е. Тәтішев Қорының грантын жеңіп алған студенттерге  Babson College-ге жазғы кәсіпкерлік мектепке бару  сыйлық ретінде тапсырылды. Оны Minor-Entrepreneurship 1 – ші курс студенті Салтанат Куанова иеленді. Жасаған  стартабы «Two.Dots.Shop».

Two.Dots.Shop - бұл фэшн-стартап, қазіргі заманғы тауда, теңізде өмір әрдайым қозғалыста жүретін адамдардың футболкалары мен аксессуарларында  қазақ халқының ою-өрнегі салынған  бренд.  

– Маған  қазақ халқының ою-өрнектері өте ұнайды. Ғарышқа қараңызшы, - дейді Салтанат  Куанова, - бұл ғалам  әрқашан сізбен бірге болады, олар футболкада, сөмкеде, аксессуарларда  болуы мүмкін. Мұны Мен өзімнің Two.Dots.Shop жобамда жасайтын боламын.

Ақылы түрде оқитын немесе ректор грантын алған студенттер  "Champions Day" жеңімпазы болды. Басты жүлделердің бірі- Rocket Pitch болды, олар Павлодарда өткізілетін  "BigIdeasCamp" жазғы кәсіпкерлік мектебіне барады. Оны Санжар Әлібеков иеленді. Бұл марапатты ол өзінің "A1: ақылды визиткалар және күнтізбелер" жобасы үшін алды.

Санжар Әлібековтың заманауи адамның өмір сүру дағдысына тиімді талдау жүргізгені көрініп тұр. Бүгінгі күні уақытты үнемдеу мен жұмысқа қабілеттілікті арттыру құндылықтарды ескере отырып, команданың  жобасы келешекте шынайы өмірде кең қолданыс  табуы мүмкін. Сондай-ақ, жобаның үлкен артықшылығы шығындардың аз болуы  және жобаны қазір  өмірде кеңінен қолдануға болады.

Салтанатты марапаттау кезіндегі  әңгімелесу барысында қазылар алқасының барлық мүшелері Minor-Entrepreneurship бағдарламасының басты мақсаты- бизнесті құруда  табысқа жету  екендігін  бірауыздан айтты. Ең бастысы, бизнес-идеялар пилоттық түрде іске қосылуы керек және  сынақтан өтуі тиіс. Қазылар алқасының мүшелері студенттерге бизнес-идеялар негізінде стартаптар жасау үшін  әрі қарай талпынып  және тәуекел жасаулары  қажет екендігін ескертті.

"Менеджмент" мамандығында қосымша "Кәсіпкерлік" траекториясы –бағыты бар (Minor – Entrepreneurship). Бұл бағдарламаны Алматы Менеджмент Университетінің  инновацияны  және кәсіпкерлікті дамыту орталығы 2017  жылы құрды. Бағдарлама кәсіпкерлік саласында білім мен қажетті құзыреттіліктерді алуға бағытталған. Бағдарлама түлектері жаңа компаниялардың құрылуын басқаруға, кәсіпорындарда бизнесті дамытуға жұмыс істеу немесе өз компаниясында жұмыс істеу дағдыларына ие болады.

Бөліс: