Кретивті ойлау адам өмірін өзгертеді!

Жаңалықтар

Қазан 17, 2018

Кретивті ойлау адам өмірін өзгертеді!

 AlmaU-да «Шығармашылық үшін аргумент» кітабының авторы, «А-3» атты практикалық жарнама мектебінің негізін қалаушы және Қазақстандағы «Каннские Львы» Халықаралық шығармашылық фестивалінің эксклюзивті ресми өкілі -Асхат Ускембаевпен «Қазіргі бизнестегі шығармашылық-креативтілік» тақырыбында орыс тілінде дәріс өткізілді.

«Шығармашылыққа арналған дәлел» («The Case For Creativity») кітабының авторы Жаңа Зеландия сарапшысы Джеймс Хорман өзінің мансап жолын жарнама индустриясын стратегиялық жоспарлауға арнаған тұлға.  Оклендтегі Colenso BBDO  агенттігінің жоспарлау бөліміндегі көпжылдық басшылық қызметінен кейін, 2013 жылы Big Won Report есебі бойынша жоспарлау жұмысының  әлемдегі №1 директоры болып тағайындалды. Джеймс шығармашылық пен тиімділікті тең дәрежеде ұстай білетін маман. Оның жобалары оған 20 Канн жүлдесін алуға және тиімділік үшін 50-ден астам марапат қа ие болуына  көмектесті.

Асхат Джеймске өз кітапшасын біздің нарыққа жақсырақ танылатындай етіп шығарып беруі туралы өтінішпен барғандығын айтты, айналамыздағы ортаны өзгертуден қорқуды қалай тоқтатуымызға болатындығы жайлы кеңес сұраған.Сол кездесудің нәтижесі ретінде жаңа кітап шықты.Ол қазіргі заманғы маркетолог және жарнама беруші маманның анықтамалық кітаптарының бірі «The Case For Creativity» Қазақстанда жарық көрді.

Сонымен қатар Асхат жарнама берушілермен және жарнама агенттіктерімен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті. 2010 жылы негізін қалаған «А-3» практикалық жарнамалық мектебі адамдарға өз жарнамаларының бюджеттерін іс жүзінде тиімді пайдалануға, үлкен нәтижелерге және маркетингтік жетістіктерге қол жеткізуге үйретеді. Оның айтуынша, адам шығармашылығын-кретивтілігін болжау мүмкін емес, кретивтілік - бұл әр адамның туа біткен қабілеті. Ол студенттерді оқу, бизнес, әлеуметтік салада және денсаулықты сақтау саласында шығармашылық-креативтілік шешімдер қабылдауға шақырды.

Бөліс: