Gender Equality and Women’s Empowerment Summer School!

Жаңалықтар

Маусым 18, 2021

Gender Equality and Women’s Empowerment Summer School!

Алматы менеджмент университеті БҰҰ- мен бірлесіп, Gender equality and women's Empowerment Summer School атты Қазақстан мен Өзбекстан әйелдеріне арналған бағдарламаны іске қосатындықтары туралы хабарлайды. Өзбекстандағы жазғы мектеп Ташкент қаласында 14-18 маусымда, ал Қазақстанда 5-9 шілдеде Алматы қаласында өтеді.

Gender Equality and Women’s Empowerment Summer School-кәсіпкерлік, азаматтық институттар, зерттеулер, аграрлық сала және тау-кен өнеркәсібі туралы кросс-функционалды және тәжірибе жасауға бағытталған оқу бағдарламасы.

Жазғы мектеп қатысушылары XXI ғасырда қажетті кәсіпкерлік құзыреттерді, азаматтық қоғам құру тәжірибесін және байланыс жасауды үйреніп, зерттеу жұмыстарын жүргізудің әдіс -тәсілдеріне шолу жасайтын болады.

Gender Equality and Women’s Empowerment Summer School бағдарламасы AlmaU-дың Кәсіпкерлік және инновация мектебінің тәжірибесі мен сараптамалық жұмыстарына сүйене отырып, зерттеу мен әлеуметтік жобалар ұймдастыру және стартаптар жасау бойынша командалық жұмыс істеуге бағдарланған.

Қатысушылардың идеялары мен жұмыстары соңғы күні бейне-питч форматында ұсынылады. Командалық жұмыс үшін бағдарламада арнайы уақыт бөлінеді, ал қатысушыларға кәсіпкерлік туралы және гендерлік теңдікке қатысты сарапшылардың кеңесі берілетін болады.

Жазғы мектеп қатысушылары жергілікті бэкграунд жағдайына еніп, қазақ және өзбек халқының бай мәдениетімен танысады. Алматы және Ташкент қалаларында арнайы  сабақтарды қолөнер шеберлері жүргізеді.

-Біздің эдьюкейторлық қызметіміз кампусымыздан асып, көрші елдерге дейін жетуде,-дейді AlmaU кәсіпкерлік және инновациялар мектебінің атқарушы директоры Ксения Южанинова-Караденизли. - Бір-бірімізбен ашық әрі әділ түрдегі кооперацияда ғана осындай импакт-жобалар жасай аламыз деген ойдамыз, деді ол.

AlmaU серіктестерімен бірге ұйымдастырған Gender Equality and Women’s Empowerment Summer School бағдарламасы Ауғандық студент қыздар үшін оң өзгерістер жасауға ынталандырады деген сенімдеміз. Сонымен қатар, бұл жазғы мектеп Ауған қыздарына болашақ қызметте мансап жолдарын жасауға немесе бизнесін бастауға жол ашады, сондай-ақ лайықты жұмыс табуда көшбасшылық қасиеттері мен кәсіби әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.

 

* Бұл жарияланым Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен шығарылды. Оның мазмұнына Almaty Management University жауапты, ол Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.

Бөліс: