Fashion-индустрия саласындағы кәсіпкерлерге арналған "Secrets of Merchandising and Retail delivery"
24 мамырда Almaty Management University-де Британдық Кеңестің жетекшілігімен Creative Spark: Higher Education Enterprise Programme жобасы аясында үшінші кезеңдегі шеберлік-сабақтар өткізілді.
24 мамырда Almaty Management University-де Британдық Кеңестің жетекшілігімен Creative Spark: Higher Education Enterprise Programme жобасы аясында индустрия саласындағы білімді дамыту бойынша үшінші кезеңдегі шеберлік-сабақтар өткізілді. Іс–шараның ұйымдастырушылары: Инновацияны және кәсіпкерлікті дамыту орталығы (AlmaU), University of Northampton (Великобритания) және Kazakhstan Fashion Week.
Бұл жолы шеберлік –сабақтарда визуалды мерчандайзинг және жекелеп жеткізу тақырыбы талқыланды және қарастырылды. Материалды сапалы түсіндіру үшін әрбір ақпаратқа қосымша тапсырмалар берілді. Барлық қатысушылар өз бизнесінің ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды орындады. Үздік халықаралық тәжірибелік кейстер негізінде шеберлік-сабақ қатысушылары визуалды мерчандайзинг туралы құнды ақпарат алды. Киім дүкенін безендіру бойынша өзекті және негізгі технологиялар жайлы айтылды. Сондай-ақ кез -келген киім дүкендеріне ақылы түрде айтылатын кеңестер мен нұсқаулар берілді.
Шеберлік –сабақтардың спикерлері ретінде Fashion Promotion Course London негізін салушы, Elle Magazine 2012 жылғы "Graduate Fashion week Pop Up Environment" жеңімпазы, Per Aquaam Marketing Award Winner, New Media Award Winner, Graduate Fashion Week 2015, Alexandra Shulman сән индустриясының сарапшы-эдвайзері, Bruce Oldfield, Barbara Hulanicki, Felicity Green, Bellville Sassoon, Colin McDowell, Caryn Franklin, Gieves and Hawkes, Modus Digital, Tiger Aspect TV, True Religion, Orsola de Castro (Fashion Revolution), Bicester Retail Village and Burberry, fashion-маркетолог – Iain Bromle.
Iain "Secrets of Merchandising and Retail delivery" тақырыбына шеберлік сабақ өткізді және тыңдаушыларға киім дүкендері үшін визуалды мерчандайзинг ережелерін, басты қағидаларды, нақты жұмыс істеу құралдарын ұсынды.
Құрамында фэшн-дизайнерлер, кәсіпкерлер, ритэйл, фэшн - блогерлер, жоғары оқу орындарының өкілдері бар жобаның 40 қатысушысы үшінші кезеңде өткізілген шеберлік сабақтардан креативтілік және кәсіпкерлік энергиясымен қуаттандырылды.
*Назар аударыңыздар! 2018 жылдың 21 маусымында "Creative Spark: Higher Education Enterprise Programme" жобасы аясында төртінші шеберлік сабаққа қатысуға шақырамыз. Алдағы уақытта біздің әлеуметтік желілердегі сайттан және университеттің ресми парақшасынан хабарландыруымызды оқыңыздар.
Creative Spark-бұл Біріккен Корольдіктің қолдауымен Орталық Азияда (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан), Оңтүстік Кавказда (Әзірбайжан, Армения, Грузия) және Украинада, жеті елде кәсіпкерлік дағды мен креативті экономиканы дамыту мақсатында халықаралық университеттерді қолдау және халықаралық әріптестік құру жөніндегі бесжылдық бастама. Жоғары білім беру саласындағы реформаларды қолдау және осы жеті елде жұмысқа орналасу мәселелерін шешуге көмектесу үшін Корольдік құраманың тәжірибесі кәсіпкерлік саладағы білімді дамыту үшін пайдаланылатын болады.
https://www.britishcouncil.kz/ru/programmes/education/creative-spark