ЕРЖАН ТӘТІШЕВ ҚОРЫНЫҢ «БЕС ТIРЕК» БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жаңалықтар

Сәуір 12, 2019

ЕРЖАН ТӘТІШЕВ ҚОРЫНЫҢ «БЕС ТIРЕК» БІЛІМ ГРАНТТАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ержан Татишев Қоры 2019 оқу  грант бағдарламасына конкурс жариялайды.

 

КІРІСПЕ

Бағдарламаның мақсаты – айқын көрінетін көшбасшылық қабілеттері бар және кәсіпкерлікпен айналысуға ұмтылысы бар ең үздік студенттерді анықтау және қолдау.

Бағдарлама байқауына кәсіпкер ісін игеруге және өз ісін ашуға ниет білдіретін әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан және балалар үйінен шыққан мектеп пен колледж түлектері шақырылады.

Ержан Тәтішев Қорының білім гранттары байқаудың іріктеу нәтижелері бойынша тағайындалады, олар, ең алдымен, үміткердің көшбасшылық қасиеттерін, оның академиялық білімдері мен жетістіктерін анықтауға, сондай-ақ жеке тұлғалық дербес қасиеттерін анықтауға негізделеді. Білім гранты Қор тарапынан бүкіл оқу кезеңіне беріледі.


ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

«Ержан Тәтішев Қоры» Қоғамдық Қорының (бұдан әрі Қор) білім гранттары Алматы Менеджмент Университетінде (бұдан әрі АлмаУ) «маркетинг» немесе «менеджмент» мамандықтары және «кәсіпкерлік» қосымша мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алуға беріледі. Байқауға Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын жастар шақырылады.

Білім гранттарына жоғарғы оқу орнына түсуге алғаш рет талпыныс білдірген, байқаудың барлық іріктеу кезеңдерінен өтіп, қаржылық көмекке мұқтаж екендігін құжатпен растаған мектеп және колледж түлектері үміткер бола алады.

Іріктеу үрдісі үш айналымнан тұрады:

1-ші айналым – ұсынылған құжаттар негізінде өтетін алдын-ала іріктеу кезеңі.
2-ші айналым –  интерактивті тренинг түрінде өткізіледі. 2-ші айналым 1-ші айналымнан өткен және алдын-ала іріктеу тізіміне кірген үміткерлер арасында жүргізіледі.

3-ші айналым – Қордың Қамқоршы Кеңесінің мәреге жеткендердің тізімін қарастыруы және бекітуі.

Қор қызметкерлерінің және Қамқоршылық Кеңесі мүшелерінің жақын туыстары байқауға қатыса алмайды. Білім гранттарының саны және олардың көлемі жыл сайынғы негізде Қор басшылығымен анықталады. Білім гранты транштармен бір оқу жылы немесе бір семестр  үшін төленеді және егер де студент, яғни грант иесі, оқуда және қоғамдық өмірде үздік көрсеткіштерге жетсе, грант мерзімі ұзартылады.

Білім гранты ЖОО-да оқу кезеңі үшін ғана төленеді. Студент алмасу бағдарламалары аясында басқа оқу орнында оқыған кезден басқа жағдайда: академиялық демалысқа шықса, ЖОО-нан шығып кетсе, өзге ЖОО-на алмасуы кезінде кетуі/ауысуы кезінде білім гранты бойынша төлемдер доғарылады.

Қор ЖОО-нан Қордың білім гранты қаржысына оқып жатқан студенттерге қатысты барлық өзгерістер жайында қосымша мәліметтерді сұратуы мүмкін. Қор ұсынылған ақпаратты тексеруге және ақпараттың шындыққа сәйкес келмеген жағдайда, кез келген үміткерді бағдарламадан шығарып тастауға құқылы.

Қор білім гранттарына үміткерлер бойынша қабылданған шешімдердің дәлелдері мен себептері жөнінде түсінік бермеуге құқылы. Қор ЖОО-на түсуге қатысты мәселелер бойынша кеңестер мен ақпараттар бермейді. Бұл сұрақтар бойынша ЖОО-дың қабылдау комиссияларынан ақпарат алуға болады.

Білім гранты келесі шығындарды өтейді:

  • Оқу құны;
  • Ай сайынғы шәкіртақы (сессия нәтижелеріне байланысты беріледі);
  • АҚШ-тағы Babson College-де жазғы лагерьде тәжірибе алмасу мүмкіндігі;
  • Жеке бизнесті (старт-апты) ашуға қажетті грант;
  • Басқа аймақ тұрғындарына жатақхана;
  • Оқу жылы ішінде бір рет өтелетін оқу орнына дейін және кері қайту шығындары (басқа аймақ тұрғындары үшін).

Қатысушылардың міндеттемелері

Грант иелері қабылдаушы университеттің академиялық стандарттарын сақтауы тиіс және бағдарлама бойынша толық оқу курсын өтуге міндетті. Академиялық және кәсіби стандарттарға сәйкессіздік гранттық көмектің доғарылуына себеп болуы мүмкін. Қордың стипендиатты қоғамдық өмірге белсенділік көрсетіп, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетулері қажет.

Білім гранттары байқауына қатысу үшін үміткерлер Қорға құжат өткізумен қатар АлмаУ-дың қабылдау комиссиясына жолығып, оқу орнына түсуге қажетті құжаттарды уақытында өткізулері тиіс.

ҰБТ және КТА тесттерін тапсыру бойынша қойылатын талаптар жайында ақпаратты Алматы Менеджмент Университетінің қабылдау комиссиясынан білуге болады.

Өтінімдер Қордың www.ytf.kz сайтында онлайн тіркелу арқылы қабылданады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 15 мамыр 2019 ж. Байқауға қатысу шарттары жайында толық ақпаратты Қор қызметкерлемрінен немесе Қордың www.ytf.kz сайтынан білуге болады.


БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН  ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

Маңызды ақпарат! Байқауға қатысу үшін Қор сайтында тіркеліп, онлайн өтінімді толтырыңыз және керекті құжаттардың скандарын жүктеңіз.

1-ші және 2-ші блоктағы құжаттар байқаудың бірінші айналымына қатысу үшін қажет. Сайтта тіркелгеннен кейін, өтінім ұяшықтарын толтырып, 1-ші блоктағы құжаттардың скандарын жүктеңіз және өтінімді беріңіз.

Өтінімді бергеннен кейін он күн уақыт аралығында Қор электрондық поштаңызға өтініміңіздің қабылдануы я қабылданбауы жайында хат жолдайды.  Өтініміңіз қабылданған жағдайда, 2-ші блок тізіміндегі құжаттарды жүктеу қажет.

2-ші блоктағы құжаттардың жүктелуімен өтінімді беру аяқталады, енді Сіздің өтініміңіз толық деп есептеуге болады. Жақын арада байқаудың екінші айналымына өткеніңіз я өтпегеніңіз жайында электрондық хат жіберіледі.

1-ші блок:

  1. Эссе – Сіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды, кәсіби мақсаттарыңыз бен мансаптарыңызды, оқудан тыс уақытта немен айналысатыныңызды сипаттайтын қысқаша әңгіме. Онда осы бағдарламаға не себепті өтінім беріп отырғаныңызды және болашақта алған біліміңізді қалай іске асыратыныңыз жайында әңгімелеуіңіз керек. Эссе көлемі 2-3 беттен аспау қажет, оны үміткердің өзі жазып, аты-жөні мен қолын қоюы тиіс.
  2. Орта білім жөніндегі аттестат. Үміткерге аттестат әлі берілмеген болса, онда ол 9, 10 сыныптардағы үлгерім табельдерін жібере алады. Егер үміткер байқаудың 2-айналымынан өтсе, онда ол аттестатты алған бойда оның көшірмесін өткізеді.
  3. Іріктеудің 2-айналымынан өткен орта мектеп түлектері Бірыңғай Ұлттық Тестілеу (БҰТ), ал колледж түлектері КТА емтиханының нәтижелерін растайтын сертификат.
  4. Ұсыныс хаттары (екіден артық я кем болмау керек). Егер ұсыныс хаты шет тілінде берілсе, хатпен бірге ресми аударманы бірге жүктеу қажет. Үлгісін Қордың сайтынан таба аласыз.
  5. Дипломдар, мадақтау, марапаттау қағаздары (бар болған жағдайда, бестен аспау керек).
  6. Балалар интернаттық мекемеден алынған анықтама. Ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктің немесе ата-ана құқығынан айыру туралы анықтама (тек балалар интернаттық мекеменің түлектеріне қатысты).

2-ші блок:

  • Отбасының барлық мүшелерінің/асыраушының жеке куәлігі/төлқұжаты/тууы туралы куәлігі.*
  • Мекен-жай анықтамасы. Ата-анасынан/асыраушысынан бөлек, басқа мекен-жайда тіркелген үміткер анықтамаларды өзіне де, ата-анасына/асыраушысына да өткізуі тиіс.
  • Отбасының кәмелетке толған әрбір мүшесінің жылжымайтын мүлігінің бар-жоғын растайтын ХҚО-да (ЦОН) берілетін анықтама.*
  • Барлық жылжымайтын мүліктің ағымдағы нарықтық құнын дербес бағалау туралы анықтама немесе есептеме (құжаттың берілген уақыты өткен жылдың қыркүйек айынан ерте болмауы тиіс).
  • 18 жасқа толған әрбір отбасы мүшесінің көлік құралының бар-жоғын растайтын авто ХҚО-да берілетін анықтама (құжаттың берілген уақыты өткен жылдың қыркүйек айынан ерте болмауы тиіс).
  • Барлық тіркелген көлік құралының ағымдағы нарықтық құнын дербес бағалау туралы анықтама немесе есептеме (құжаттың берілген уақыты өткен жылдың қыркүйек айынан ерте болмауы тиіс).
  • Отбасының кәмелетке толған әрбір мүшесіне соңғы 12 ай ішінде төленген табыс сомалары және табыс салығы мен зейнетақы төлемдерін төленгені туралы анықтама.*
  • БЗЖҚ-да (ЕНПФ) берілетін отбасының кәмелетке толған әрбір мүшесінің соңғы 12 ай ішінде жасаған зейнетақы жарналарын көрсететін зейнетақы шотынан үзінді көшірме.*
  • Отбасының кәмелетке толған әрбір мүшесінің жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені я тіркелмегені туралы анықтама. Егер үміткердің отбасы мүшелері жеке кәсіпкерлікпен айналысса, онда соңғы 12 ай ішінде тапқан табысы жайында Декларацияны ұсыну тиіс.
  • Егер үміткердің отбасы мүшелері жұмыссыз болса, онда Жұмыспен қамту орталығынан әлеуметтік жағдайын растайтын құжатты ұсынуы тиіс.
  • Егер отбасында мүгедек және/немесе зейнеткер болса, онда ЖТСК–ның бекітімін ұсыну керек және зейнеткерлік куәлікті және Зейнетақы төлеу орталығынан соңғы 12 ай ішінде төленген зейнетақысын көрсететін анықтаманы ұсыну керек.
  • Толық емес отбасынан шыққан үміткерлер осы деректі растайтын құжатты (ата-анасының ажырасқаны туралы куәлік, қайтыс болғаны туралы куәлік, асырап алу жөніндегі куәлік және т.б.) ұсыну тиіс.

*Үміткердің өз отбасын құрып, бөлек шыққан туыстарынан басқа бірге тұратын  туған бауырлары, аға-інілері, сіңлілері мен қарындастарының құжаттары жоғарыдағы тізімге сәйкес міндетті түрде өткізілуі тиіс. Жалған ақпаратты/құжатты берген кез-келген үміткер бағдарламадан шығарылады.

Құжаттардағы ақпарат компьютерде терілуі немесе көк сиямен толтырылуы тиіс. Құжаттарды орыс немесе қазақ тілдерінде ұсынуға болады. Шет тілінде өткізілген құжаттармен қосып олардың ресми қазақша не орысша тіліне аударылған көшірмесі өткізілуі тиіс. Үміткер құжаттарды өз бетінше аудара алмайды және растай алмайды.

Қорға аталған өтінішті тапсырмас бұрын, Қордың тәртібі, ережесі, критерияларымен мұқият танысыңыз. Жоғарыдағы құжаттар тізімі бойынша сұрақтар туындап жатса, Қордың қызметкерлеріне хабарласыңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚҰЖАТТАР ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ.

Бағдарлама бойынша құжаттарды өткізудің соңғы мерзімі: 15 мамыр 2019 ж. сағат 17:00–ге дейін.

Бөліс: