Babson Collaborative Student Challenge: тұрақты даму мақсаты және жобаны басқару

Жаңалықтар

Ақпан 16, 2018

Babson Collaborative Student Challenge: тұрақты даму мақсаты және жобаны басқару

Almaty Management University-де  9 ақпан 2018 жылы «Тұрақты даму бойынша  БҰҰ мақсаты» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингті құрылтайшы және Neupusti.net білім жобаларын дамыту бойынша директор Айжан Құлмұхамед жүргізді.

Қазіргі уақытта әлемдегі студенттер тұрақты дамудың 17 мақсатын шешуге үлес қосатын  әлеуметтік жобалар мен бизнестер ашумен айналысуда. Бұл -The Babson Collaborative Student Challenge 2018 жаһандық байқаудың кезеңдерінің бірі.

Тренинг барысында Айжан Құлмұхамед қатысушыларға жобаны қалай құру қажеттігін және жобаға қатысуға рұқсат беретін өтінішті жазу тәртібін айтты. Сонымен қатар Айжан көпшілік алдында тиімді презентация және  жоба жасаудың тәсілдерін айтып түсіндірді.

Айжан Құлмұхамед мәселені таңдау барысында негізге сүйеніп,  қажеттілікті бағалау жұмыстарын өткізіп, көтеріп отырған тақырып шындығында мәселе ме әлде мәселе емес пе соны анықтап түсіну керек деп кеңес берді.

Тренер шетелдегі және Қазақстандағы бірнеше сәтті жобалар жайында айтты. Мысалы Сирияда «Сезам көшесі» деген жоба бойынша көшеде балаларға қуыршақ қойылымдары көрсетіледі немесе АҚШ-та «Инклюзивті су саябағы» мұнда мүмкіндігі шектеулі балалар суға шомылып, көңіл көтере алады.

Айжан Құлмұхамед әрбір жоба тұрақты болу керек деген сенімде, бұл жоба шарттарының бірі. Кез келген коммерциялық және әлеуметтік  кәсіпорын үшін өміршең болу үшін қажет шындық.

Babson Collaborative Student Challenge 2018 студенттерге  тұрақты даму бойынша БҰҰ-ның 17 мақсатын шешуге бағытталған жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Babson Collaborative – әлемді жақсарту  мақсатында, кәсіпкерлік салада білім беруді дамытумен айналысатын мекемелерді біріктіретін ұйым болып табылады. AlmaU 2017 жылдан бастап Babson Collaborative мүшесі.

Кәсіпкерлікті және инновацияны дамыту орталығы Babson Collaborative Student Challenge 2018 кезеңдерін AlmaU-да ұйымдастырушы болып табылады.

 

Бөліс: