AlmaU-дың ғалымы Лордтар Палатасында пікірталасқа түсті

Жаңалықтар

Қаңтар 29, 2016

AlmaU-дың ғалымы Лордтар Палатасында пікірталасқа түсті

2016 жылдың 27 қаңтарында Лордтар Палатасында (Ұлыбритания Парламенті Жоғары Палатасы) Ньютон Қоры мен Британ Кеңесі шәкіртақы алушыларының  Біріккен Корольдіктің, атап айтқанда  «The Science and Technology Committee»  лордтары әрі   баронессаларымен, саяси және ғылыми қайраткерлерімен  кездесуі өтті. Қазақстан Республикасының  жетекші жоғары оқу орындарынан екі делегат қатысты – Назарбаев  Университеті профессоры  Жұмабай БАКЕНОВ  және  доктор PhD Almaty Management University (AlmaU, бұрынғы ХБА ) Данияр САПАРҒАЛИЕВ.

Кездесуге Ұлыбритания университеттерінде зерттеу жүргізіп жатқан докторанттар және пост-докторанттар Мысырдан, Қазақстаннан, Қытайдан, Колумбиядан және Түркиядан шақырылды.  «Science and Policy Making» атты шараны Lord HUNT of Chesterton алғы сөзбен ашты, одан кейін жиналғандар алдында Claire McNulty (Director of Science, British Council) сөз сөйледі.  Lord  HUNT  ХХ ғасырдың 60-шы жылдары, сол кезде жас пост-докторант Вашингтонға Фулбрайт бағдарламасы бойынша шақырылғаны туралы айтты. Бұл оның ғылыми мансап жолындағы маңызды машықтану болған еді. Енді, міне, ол әр елден келген пост-докторанттарды Лондонда қарсы алуға риза екенін білдірді әрі осы кездесу Ұлыбританиямен ғылыми байланыстардың артуына септігін тигізетініне сенім білдірді.  Claire McNulty Британ Кеңесі Ньютон Қорымен бірлесіп әлемнің 15 еліндегі ғалымдарға көмектесіп, қолдау көрсететінін  айта кетті.

Осы ресми ас кезінде іс-шараға қатысушылар қатарына Ұлыбританияның түрлі партиялары парламентариялары келіп қосылды, бұл жерде бейресми жағдайда пікір алмасу жүрді.  Newton-Al Farabi Partnership Programme грантының иегері доктор Данияр Сапарғалиев (AlmaU) пікір алмасу барысында бүгінгі Қазақстанның Ұлыбритания ғалымдарымен екі жақты  қатынас орнатуға  мүдделі екенін және Newton-Al Farabi бағдарламасы ғылыми байланысты  анауғұрлым нығайтуға көмектесетінін айтты

Доктор Данияр Сапарғалиев 2015 жылдың қазанынан 2017 жылдың қазанына дейін  белгілі британ ғалымы Professor John Traxler жетекшілімен  University of Wolverhampton  ғылыми жобасын орындайды.

Тұсаукесермен төмендегі  кездесуге  қатысушылар шығып сөйледі:

«Science Policy Making in Government» тақырыбына - Imperial College London профессоры - Robin GRIMES (Foreign & Commonwealth Office (FCO) Chief Scientific Adviser) және  доктор Chris TYLER (Director of the Parliamentary Office of Science and Technology). Олар ғылым  бойынша Парламент Комитетінің жұмысы қалай ұйымдастырылғанын, Ұлыбританияда ғылыми еңбектерге және инновацияларға бюджет қалай бөлінетінін  нақтылап айтып берді.

«Сontroversial Issues in Science» деп аталған екінші тұсаукесерді  Lord PATEL (Narendra Babubhai Patel) Ұлыбритания  ғылымының медицина, биология және гетика бойынша  алға өрлеу жолына арнады. Одан әрі қарай  Lord Rees of Ludlow ( 2005-2010 жылдардағы Лондон Корольдігі Қоғамының Президенті) астрономия, физика және ақпараттық технологиялар саласындағы британ ғалымдарының әлемдегі жетекшілік рөлі туралы  хабардар етті.   Сессияны Lord Hennessy (Fellow of the British Academy) және Баронесса Manningham-Buller (2002-2007 жж қауіпсіздік қызметінің бас директоры  (MI5) аяқтады, олар тыңдаушылардың назарын ғылыми кооперацияның дамып  келе жатқанына және британ ғалымдарының әлем зерттеушілері қатарындағы рөліне баса аударды.

 Соңғы «The work of the Lords and the Commons» атты тұсаукесерді Lord Tyle жасады. Ол Британ Парламентіндегі Лордтар Палатасы мен Қауымдастықтар Палатасы қарым-қатынас туралы айтып кетті. Ел Парламенті тарихы мен оның дәстүрлері туралы, жаңа бастамалары жайында айтып берді.

Бұл кездесуден кейін іс-шараға қатысушылар Лордтар Палатасы мен  Қауымдастықтар Палатасының  мәжілісіне  қатысып көрді, Парламент ғимаратымен танысты және мұражай мен галереяға барды. 

Бөліс: