AlmaU-дағы «кейтеринг күні»
2 наурызда Алматы Менеджмент Университетінің (бұрынғы ХБА) «Логистика және МІҚБ» кафедрасы «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығының 3 курс студенттеріне арнап «Кейтеринг күні» тақырыбына байқау ұйымдастырды.
Бұл іс-шараның басты мақсаты: «Стартап» пәнін үйрену аясында кейтеринг (мейрамханалық қызмет) ұйымдастыру бойынша іскери құзіреттілікті бекіту және дамыту.
Командалар университеттің фойесін сауда алаңына айналдырып, өз өнімдерін сатуға ұсынды. Кейбіреулер тағамды жеткізуге алдын ала тапсырыс берді. Бұл шараға басшылар, қызметкерлер, университеттің студенттері ата-аналарымен бірге қатысты.
Студенттердің жобаларын бағалауға қойылатын талаптардың бірі «Қызмет көрсету саласы бойынша маркетингтік зерттеу» пәні аясында 2 курс студенттері арасында сауалнама өткізу болды.
Жалпы алғанда, осы шарадан қатысушылар мен қонақтар ерекше әсер алды әрі ол студенттерге қызмет көрсету саласы бойынша алғашқы тәжірибелерін алуға көмектесті.