AlmaU-да қытай студенттерін қазақ тіліне үйретеді

Жаңалықтар

Наурыз 29, 2016

AlmaU-да қытай студенттерін қазақ тіліне үйретеді

Aлматы Менеджмент Университеті  делегациясы   ректор Алмагүл Қанағатованың  басшылығымен Алматыдағы  ҚХР Бас консулы Чжан Вэй мырзаның шақыруымен Қытай  Халық Республикасы  Бас консулдығында болды.

Кездесу барысында  AlmaU –дың  Қытайдағы  байланыстарын кеңейту мәселелері талқыланды, сонымен қатар Alma University-дің   қытайлық жоғарғы  оқу орны  серіктестерімен ынтымақтастық келешегі қарастырылды, атап айтқанда, мына оқу орындарымен : Zhejiang University School of Management, Antai College of Economics and Management, The Hong Kong Polytechnic University.

Чжан Вэй  мырза   2017  жылдың  туризм жылы (*) болып бекітілгенін атап өтті, сондықтан осы сала бойынша   екі көршілес елдің ынтымақтастығының дамуы   маңызды   мәселе, әсіресе, ірі қалалар үшін.  Осыған орай Алматыдағы ҚХР Бас консулдығының  ұсынысымен  AlmaU  туризмді басқару саласы  бойынша  Beijing International Studies University-мен  (BISU)  ынтымақтастық қатынас орнатуды  мына төмендегі бағыттар бойынша жоспарлап отыр:

- оқытушылар мен студенттер   академиялық ұтқырлығы ;

- қос диплом бағдарламасын дайындау;

- оқытушылар үшін машықтанудан өту;

- бірлескен жобалар  мен зерттеулер.

 AlmaU ректоры  қытай жоғарғы оқу орнының студенттерін  университеттің жазғы жобаларына белсенді қатысуға шақырды, атап айтқанда,   «Ұлытау»  мәдени-лингвистикалық  лагеріне (мақсаты – қазақ тілін  халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетін үйрену арқылы ортаға толықтай ену  әдістемесімен меңгеру),  EDSA докторанттарға арналған жазғы мектепке  және кәсіпкерлік бойынша жазғы мектепке .

Чжан Вэй  мырза  қазақстандық университетке  келіп, «Елші уақыты»  жобасының аясында студенттермен, оқытушылармен кездесуге өз ықыласын  білдірді, бұл жерде спикерлер Қазақстандағы  тәжірибелерімен  әрі екі ел арасындағы ынтымақтастықтан алған әсерлерімен бөліседі.

(*) Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас  Ассамблеясы   2017 жылды Халықаралық   туризм жылы деп жариялады.

Бөліс: