AlmaU-да «Кемел Кәсіпкер» бизнес-кейстер шешу бойынша жарыстың алматылық туры өтті

Жаңалықтар

Наурыз 13, 2016

AlmaU-да «Кемел Кәсіпкер» бизнес-кейстер шешу бойынша жарыстың алматылық туры өтті

2016 жылдың 12 наурызында  Aлматы Менеджмент Университетінде  (бұрынғы ХБА) «Кемел Кәсіпкер» жарысының аясында бизнес-кейстерді шешу бойынша бірінші іскери ойын өтті. Жобаны ұйымдастырушылар - «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы, AlmaU және  «SANA Eurasia» Қоғамдық Қоры.

Бизнес-кейстерді шешу бойынша «Кемел Кәсіпкер» чемпионаты бірнеше іскери ойындар түрінен тұрады, сол ойындарды орындау барысында студенттер  бизнес мәселелерді шешудің түрлі жолдарын ұсынады, сонымен қатар кәсіпкерлікке байланысты викторинаға қатысады. Барлық тапсырмалар AlmaU сарапшылары мен ҚР Президентінің  «Болашақ»   халықаралық шәкіртақы Қауымдастығы мамандары көмегімен дайындалған. Осы оқу жылы  ішінде чемпионат Қазақстанның жетекші 4 университетінде, мына қалаларда  өтеді: Алматы, Шымкент, Павлодар және  Астана. Финалын сәуірде өткізу жоспарланып отыр.

Қазылар алқасына Алматының шағын және орта бизнес өкілдері, консалтинг компаниялар, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер Палатасы  және жоо өкілдері  кіреді.

Барлық  18 командаға (әр командада  4-5 адамнан) шешу үшін бір кейс берілді – олар  «Баян-Сұлу», компаниясының маркетингтік  стратегиялық жоспарына алдын ала қазақстандық кондитерлік нарықты зерттеп, өзгерістер жасап,  енгізулері керек.  Компанияның негізгі мәселесі сол, импорт шикізатына баға өскендіктен  (какао-бұршақтарға, жаңғақтарға, майларға) оның өнімдері бәсекеге түсе алмай жатыр. Компания бұрынғыдан да арзандатуға мәжбүр, оның үстіне қазақстандық бәсекеден басқа ресейлік,  белоруссиялық өнім бар, олардың Қазақстанға баж салығынсыз өз кондитерлік тауарларын әкелуге мүмкіндік берілген.

Байқауда жеңімпаз атанған LUCKY STRIKE (№ 9) командасы  компанияның өнімін сатуды арттыру үшін жергілікті нарықта 150 кіріс бермейтін тауардың орнына бірнеше сапалы және кіріс әкелетін жастарға бағытталған  тауар  сатуды ұсынды. Жеңіл әрі айқын  презентация, өте оңай әрі қызықты шешім студенттерге 1 –орынға ие болуға мүмкіндік берді.

 № 7 команда компания алдында тұрған бірнеше міндеттерді белгіледі. Бұл- жаңа жеткізуші (жергілікті), өнімнің түрлерін азайту, отандық өнімді насихаттау, басты көңілді қазақтың салт-дәстүріне, тарихына бағыттау. Түсімді арттыру үшін және өндірісті толық жұмыс істету үшін студенттер қолданылмай тұрған жабдықтарды жалға беру керек, өндіріс көлемін арттыру, мамандар тұрақтылығын шешу керек деді. Сонымен қатар студенттер 2 мақсатты бөліктерге бағытталуды ұсынды: 35 жасқа дейінгілер,  35 жастан кейінгілер; тұтынушылардың  ойлау ерекшеліктерін пайдалану;  логотиптерін және маркетологтер құрамын өзгерту. Бұдан да көбірек аудиторияны тарту үшін, соның ішінде жастарды команда  SMM-ді қолдануды ойлады әрі отандық өндірушілерді қолдауға байланысты әлеуметтік бейнебаяндар  дайындауды ұсынды. Бұл команда жарыста 2-орын алды.

3-орынды  № 6 команда алды, олар нақты  SWOT-талдау жүргізген. Басты мәселелерді анықтап, оларды шешу жолын көрсетті. Команда презентациясының ерекшелігі  «Чарли және шоколад фабрикасы» фильмінің ізімен бірегей дүкен ашуды, тұтынушыларды қызықтыруды, әсіресе, балалар мен жасөспірімдерге ұнайтын өнімдерді көбейтуді ұсынды.

1-орын алған командаға  (оның ішінде Асимов Халмурат, логистика, 3 курс, Уразов Алдияр, аймақтану,  2 курс, Кажымхан Азамат, менеджмент, 1 курс, Айтжан Диас, экономика, 1 курс) жооаралық финалда университет атынан қатысуға жолдама  берілді. Сонымен қатар оларды тосын сый күтіп тұрды: бейресми жағдайда  AlmaU президенті  Асылбек Қожахметовпен түскі ас ішу мүмкіндігі.

2-орын алған студенттер  (олар  «Менеджмент» мамандығы студенттері, 3 курстан  Шлымов Сұлтан, Джакипова Диляра, Ален Алма, Елистратова Нина, Исматов Эспиноза) бағалы сыйлықтарға ие болды, әрбір команда мүшесі «Книжный Город» дүкенінің 3 000 теңге номиналындағы сертификаттарын алды.

Осындай 2000 теңгелік номиналмен сертификатқа 3-орын алған команда ие болды, олар- Алмарданов Равшан, маркетинг, 1 курс, Закиров Еламан, қаржы, 2 курс, Шарипова Адиям, экономика, 1 курс, Аднанова Жұлдызай, МІжҚБ, 1 курс.

Викторина бойынша жеңімпаз атанған -   Бурамбаев Мұрат, экономика, 3 курс.

Бөліс: