Темекіге қарсы күрес саясаты

AlmaU-дың темекі өнімдерін тұтынудың (темекі шегудің) алдын алу және шектеу жөніндегі саясаты

AlmaU салауатты өмір салтын, үй-жайлардағы таза ауаны қолдауға бағытталған темекі өнімдерін тұтынудың (темекі шегудің) алдын алу және шектеу жөніндегі жалпы мемлекеттік саясатты ұстанады және өзін темекі шегуден еркін аймақ деп жариялайды.

AlmaU-дың ішінде темекі шегуге тыйым салынады - барлық қоғамдық орындар темекі шекпейтіндерге арналған аймақ ретінде белгіленген. Темекі шегуге тыйым салу саясаты университет ішіндегі барлық бөлмелерге қолданылады. Темекі шегуге тек арнайы бөлінген орындарда рұқсат етіледі.

AlmaU темекі тартпайтын, салауатты өмір салтын насихаттайды және студенттер, оқытушылар мен университет қызметкерлерін темекі шегудің зияны туралы ақпараттандыру, сондай-ақ жастар арасында темекі шегудің таралуының алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің 110-бабының 5-тармағына сәйкес темекі өнімдерін:

1) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың демалуына арналған ұйымдарда;

2) денсаулық сақтау ұйымдарында;

3) қоғамдық тамақтандыру пункттерінде;

4) кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт және көрме залдарында, спорт ареналарында және көпшілік дем алуға арналған басқа да жабық құрылыстарда, оның ішінде түнгі клубтарда, дискотекаларда;

5) музейлерде, кітапханаларда және дәрісханаларда;

6) поездарда және теңіз және өзен көлігі кемелерінде белгіленбеген орындарда;

6-1) әуе кемесінің бортында, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың, таксилердің және қалалық рельстік көліктің салондарында;

7) әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттарында;

8) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда;

9) жұмыс орындары болып табылатын үй-жайларда;

10) үйлердің кіреберістерінде тыйым салынады.

 

Тиісті нормалар мен шектеулер университеттің келесі ішкі құжаттарында қарастырылған:

Білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарт

Еңбек тәртіптемесінің қағидаларымен

AlmaU Handbook

Университеттің басқа да ішкі құжаттарымен