Әкімшілік

 

Кожахметов Асылбек Базарбаевич

Президент
Іскер әкімшілік докторы (2011)
Тел.: +7 (727) 313 40 59
Эл. пошта: assistant@almau.edu.kz

Толығырақ

Ол Қазақстандағы - алғашқы бизнес мектептің -Алматы менеджмент мектебінің негізін қалаушы және президенті.

Ол қазақстандық және шетелдік журналдарда жарияланған менеджмент пен білім беруді дамыту бойынша 70-тен астам еңбектің авторы. «Қазақстандағы ішкі көші-қон: шешім іздеуде» атты кітаптың бірлескен авторы (2010). Асылбек Қожахметовтың редакциясымен келесідей кітаптар жарық көрді: «Шаңырақ оқиғалары» 14.07.2006: құжаттар мен фактілерде»(2012) және «Қазақстан кәсіпкерлігі жайлы аңыздар»(2016). Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
 

Кәсіби қызмет жолы:

1989-1996 жылдары-Алматы менеджмент мектебінің (АШМ) негізін қалаушы, бас директоры.

1996-2002, 2009-2014 жылдары - Халықаралық Бизнес Академиясының (ХБА) негізін қалаушы және президенті.

2014 - жылдары -Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) негізін қалаушы және президенті.

1994-2003 жылдары -Оталық Азия менеджментті дамыту қорының (CAMAN) президенті. 1998-2003 жылдары – “INTERMAN” – Дүниежүзілік басқаруды дамыту ұйымының мүшесі.

1999-2002 жылдары -Қазақстан өнеркәсіпшілері одағы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан кәсіпкерлер форумы кеңесінің мүшесі. 1999-2002жылдары –басқарушылық жылдары-басқарушылық білім сапасы бойынша Еуропалық ұйым кеңесінің мүшесі (EQUAL). 2002-2003 жылдары-ҚР Білім беру жүйесін дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары. 2015 ж. - CMC басқару бойынша сертификатталған кеңесші. 2015 ж. - KFMD – Қазақстандық менеджментті дамыту қорының  тең төрағасы. 2017 ж. - Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрметті профессоры. 2017 жалдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «ҚР кейбір заңнамалық актілерге жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасының жұмыс тобының мүшесі. 2017 жылдан -  Орталық Азия бойынша CEEMAN вице-президенті.

 

Қоғамдық жұмыстары:

1998-2002 жылдары – «Сорос – Қазақстан» Қорының басқарма мүшесі. 2007-2014 жылдары - «Шанырак» РҚБ төрағысы. 2009-2010 жылдары - ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы бойынша мемлекеттік қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңестің мүшесі. 2009-2011 жылдары - «НҰР ОТАН» ХДП әлеуметтік жанжалдарды қарау және шешу жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары. 2011-2012 жылдары-Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін жетілдіру мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің мүшесі. 2014ж.-ҚР БҒМ жанындағы Жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің мүшесі. 2016 ж. – Жер мәселелері жөніндегі Үкіметтік комиссияның мүшесі. 2018-2020 жылдары - «Қазақстанның  Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті. 2019 жылдан -Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. 2019 жылдан - «Аспандау» ҰҚ  басқарма мүшесі. 2020 жылдан - «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ кеңесінің мүшесі. 2020 жылдан-БҰҰ Жаһандық Кеңесінің  мүшесі PRME (United Nations Principles for Responsible Management Education).

 

Марапаттары мен атақтары:

  • АҚШ-тың «People to People International» халықаралық ұйымының «Факел Бирменгам» марапаты (1997)
  • «Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі» белгісінің иегері (1998)
  • Баян –Өлгей аймағы медалі, Моңғолия (2010)
  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік медаль (2011)
  • «Құрмет» ордені (2013)
  • «Іске адалдығы үшін» ІІ және І дәрежелі  «Атамекен» ҰКП ордені (2013-2014)
  • «Институционалдық басқару» санатындағы CEEMAN Champions Award атты менеджментті дамытудың  Халықаралық қауымдастығының марапаты (2014)
  • Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрметті профессоры (2017).
  • ҚР БҒМ «Ы. Алтынсарин» төс белгісі
  • «Білім беруді қолдағаны үшін» номинациясында «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығы (2018 ж.)
  • «Туған өлке» номинациясында «Жомарт жүрек» жүлдесінің иегері (2019)

 

Куренкеева Гульнар Турдалиевна​     

Ректор
Тел: +7 (727) 313 30 51
Эл. пошта: kurenkeyeva@almau.edu.kz 

ТОЛЫҒЫРАҚ
Ректор AlmaU 
Экономика ғылымдарының кандидаты, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген. 2003 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де ғылыми тағылымдамадан өткен. "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты (НААS Бизнес-Мектебі, Беркли қаласындағы Калифорния университеті, АҚШ, 2013).
Aлматы Менеджмент Университетінде (АlmaU) 2001 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Бакалавриат және магистратура бағдарламаларында сабақ берді. 2006-2009 жылдар аралығында DBA бағдарламасының директоры, 2011-2014 жылдары МВА бағдарламасының директоры, 2014 жылдан бастап Бизнес Жоғары Мектебінің деканы болды. 2020 жылы AlmaU Бірінші проректоры болып тағайындалды. Алматы Менеджмент Университетінің ректоры ретінде 2021 жылдан бастап қызмет атқаруда.
Г. Куренкееваның басшылығымен БЖМ бағдарламалары халықаралық аккредиттеуден өтіп, жаһандық рейтингтерге енді, қазіргі таңда Қазақстанның жетекші бизнес мектебіне айналды.
Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық аударма бюросының ғылыми редакторы ретінде "Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 оқулық" жобасы бойынша бизнес әдебиетті ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуға белсенді қатысты.
Гульнара Турдалиевнаның ғылыми мақалалары халықаралық индексі бар журналдарда жарияланып, 35 баспа табақтан астам ұжымдық монографиялары және оқу құралдары басылып шығарылған. Магистрлік және докторлық диссертациялардың жетекшісі.

Халықаралық қызметі:

  • 2020 жылдың маусымынан бастап - қазіргі уақытқа дейін – Asia Pacific Advisory Council of the Association of MBAs and Business Graduates Association (AMBA & BGA, Ұлыбритания) мүшесі;
  • 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – Санкт-Петербург Мемлекеттік Университетінің Менеджмент Жоғары Мектебінің International Executive Education Board мүшесі, (Ресей);
  • 2018 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін – Халықаралық Accreditation Advisory Board AMBA (Ұлыбритания) мүшесі;
  • Бизнес-мектептердің сапасы мен дамуы саласындағы сарапшы ретінде Қытай, Франция және Ресей бизнес-мектептерінің АМВА (Ұлыбритания) халықаралық аккредиттеу комиссиясының мүшесі (2018-2020 жж.).
  • Global Advisory Council Woosong University, Оңтүстік Корея, 2017 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін.

Қоғамдық қызметі:

  • 2020 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының (ДСДРО) Бақылау кеңесінің мүшесі;
  • 2019 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – №4 Қалалық клиникалық аурухананың Бақылау кеңесінің мүшесі.

Гульнара Куренкеева:

  • "Мемлекеттік реттеу параметрлері, өсімін молайту жүйесін экономикалық-математикалық модельдеу және ҚР-ға шетел инвестицияларын тартудың мемлекеттік саясаты" ұжымдық монографиясы үшін Қазақстан экономистері қауымдастығы сыйлығының лауреаты атанды, 2005.
  • 2021 жылғы School Leader of the Year номинациясы бойынша CEEMAN CHAMPION AWARDS сыйлығының лауреаты.

 

Арын Әсел Арынқызы

Академиялық даму жөніндегі проректор
Тел: +7 (727) 313 30 51
Эл. пошта: as.aryn@almau.edu.kz

толығырақ

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты University of Illinois at Urbana - Champaign, АҚШ, 2021 ж.

«Қаржы» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі. PhD кандидаты.

11-жылдық педагогикалық тәжірибесі бар.

AlmaU-да еңбек жолын 2012 жылы «Қаржы» кафедрасында оқытушы қызметінен бастады. Әр жылдары аға оқытушы, «Қаржы, Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі, академиялық даму жөніндегі проректордың кеңесшісі, Менеджмент жоғарғы мектебінің деканы қызметтерін атқарды.

Инновациялық технологиялар, білім беру бағдарламаларының редизайны бойынша семинарлардың авторы, жүргізушісі.

20 - дан астам ғылыми жарияланымдары бар.

2021 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері болып табылады.

 

Кожахметов Руслан Тулегенович

Корпоративтік даму жөніндегі проректор
Іскерлік әкімшіліктің докторы
Тел.: +7 (727) 313-30-50
Эл. пошта: : r.kozhakhmetov@almau.edu.kz 

толығырақ

Халықаралық бизнес Академиясы мен Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Ресей Халық Шаруашылығы Академиясының бірлескен бағдарламасы бойынша Doctor of Business Administration дәрежесінің иегері. Сондай-ақ, ол London Business School, Columbia Business School, HKU Business School іскери әкімшілендіру саласы бойынша және Берклидегі Калифорния университетінде Executive Education орталығының Global Executive MBA бағдарламасының түлегі болып табылады.


Жеке компанияларды басқару позициялары мен өзінің бизнесін жүргізуде 17 жылдық тәжірибесі бар.
  

 

Сәркеев Бақытжан Құрманбайұлы

Ғылым жөнінде проректор
Тел.: +7 (727) 313-30-40 (ішкі 596)  
Эл. пошта: b.sarkeyev@almau.edu.kz

толығырақ

Бақытжан Сәркеев кәсіпкерлікті, инновациялар мен жұмыспен қамтуды дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру саласында мол тәжірибеге ие.

"Бизнестің жол картасы-2020"бағдарламасының авторлары мен әзірлеушілерінің бірі болып табылады, "Самұрық-Қазына" Қорын, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорын, кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын және даму институттары жүйесін құруға белсенді қатысты, 2007-2009 жылдардағы Дағдарысқа қарсы бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысты.  

Өз қызметін Жамбыл облысындағы орта мектептің аға пионер жетекшісі және Тараз мемлекеттік университетінің менеджмент пәнінің оқытушысы ретінде бастады. Аналитикалық құрылымдарда, министрліктер мен ведомстволарда, "Самұрық-Қазына"қорында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 

AlmaU-ға келгенге дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ғылым қоры Басқармасы Төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді, ғылыми әзірлемелерді қолдаудың жаңа бағыттарын дамытуға жауап берді, ғылымды дамыту Тұжырымдамасын әзірлеуге қатысты.

 Ғылыми қызығушылықтар саласы-мемлекеттік бағдарламаларды талдау, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері, институционалдық реформалар, тиімді басқару.

Эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия және Кавказ елдері ғалымдарының Өңірлік Кеңесінің төрағасы болып табылады.

 

Кендрик Дэвис Уайт

Коммерциаландыру жөніндегі Проректор
Тел.: +7 (727) 313-28-75
Эл. почта: k.d.white@almau.edu.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ
Кендрик Уайт 1985 жылы Stetson Университетін экономика саласы бойынша бітірген және ол Солтүстік-Батыс Университеті жанындағы Kellogg Менеджмент Мектебінің МВА дәрежесіне ие (1990).

Ол корпоративтік қаржы, венчурлық қорларды басқару және технологияларды коммерцияландыру саласында 30 жылдық тәжірибесі бар. Технологияларды коммерцияландыру саласындағы үлкен инвестициялық тәжірибесінің арқасында1998-2005 жылдары Еуропалық даму банкінің бірінші буын венчурлық қорын басқарды.

2012-2017 жылдар аралығында Лобачевский университетінде инновация жөніндегі проректор, ҰҒМУ Технологияларды Коммерцияландыру Орталығының директоры, коммерцияландыру жөніндегі Ректордың кеңесшісі болып жұмыс істеді. Осы жылдар ішінде ол технологияларды беру және коммерцияландыру үшін инфрақұрылым құра алды.

Кендрик Уайт Marchmont Capital Partners негізін қалаушы - Exxon Mobile, LG Electronics, Saudi Aramco және т.б. сияқты ірі әлемдік компаниялармен жұмыс істеген технологиялық скауттық және медиа-фирманың жетекшісі болып табылады.

 

Марданов Дидар Талапұлы

Студенттерді қолдау және дамыту жөніндегі проректор
Тел.: +7 (727) 313-24-79
Эл. почта: d.mardanov@almau.edu.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Марданов Д. – «Стратегиялық менеджмент» бағыты бойынша М.В.Ломоносов атындағы ММУ іскерлік әкімшілендіру магистрі.  Ол экономика бойынша NarXoz University (Алматы қ., Қазақстан) және менеджмент бойынша Pierre Mendes-France Universiti (Греноболь қ., Франция) бакалавриат бағдарламаларын сәтті аяқтады.

Марданов Д. жоғары білім саласында жұмыс тәжірибесі бар, 2009 жылы өзінің еңбек жолын AlmaU студенттерімен жұмыс жөніндегі Декан лауазымынан бастады. Әр жылдары маркетинг жөніндегі директор, Атырау қаласындағы AlmaU өкілдігінің басшысы болып жұмыс істеді, қазіргі уақытта Студенттерді дамыту және қолдау жөніндегі блокты басқарады.
Оның ғылыми және қоғамдық мүдделерінің саласы-жастарды кәсіптік бағдарлау технологиялары, менеджменттегі, атап айтқанда білім беру ұйымдарының менеджментіндегі жаңа технологиялар. Ол білім беру саласындағы сарапшы, Алматы қаласы Әкімдігінің орта және орта кәсіптік білім беру мәселелері жөніндегі сарапшысы, жеке әлеуметтік жауапкершілік және қоғамға қызмет ету қағидаттары шеңберінде қосымша білім беру мекемелерінің қоғамдық кеңесшісі болып табылады. Кәсіпкерлік бойынша тәжірибесінің нәтижесінде, бірқатар бизнес жобаларды ойдағыдай жүзеге асырды.