ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ
2014 жылы 26 қыркүйек күні «Тіл – татулық тірегі» атты мерекелік кеш өтті. Бұл кеш елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық ерекшеліктерін көрсету арқылы ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді насихаттау, ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу мақсатында өткізілді.
Кеш көрермендері мен қонақтарға әр ұлт өзінің ұлттық тағамдарын, салт-дәстүрлерін, ұлттық өнерлерін (слайд арқылы және қойылым түрінде) таныстырып, мерекелік кештің маңызы мен мәнін айқындады.
Мерекелік кеште өз өнерлерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтары табыс етілді.
Жауапты оқытушы: ф.ғ.к., доцент Утемисова Гүлмира Жеткергенқызы.