Журналистерге арналған байқау!
Қазақстанда білім тақырыбын ашып, оны парасатпен әрі шынайы жеткізе білетін журналистер үшін!
Мәселенің түпкі себебін көре білетін, тақырып аясына байланып қалмайтындар үшін!
Өз кәсібінде көшбасшы болуға ұмтылатындар үшін!
Aлматы Менеджмент Университеті (Alma University), бұрынғы Халықаралық Бизнес Академиясы Қазақстандық баспасөз клубы қолдауымен жыл сайын өткізілетін, 7 жыл бұрын ХБА бастамашылығымен өмірге келген Республикалық «ЗачОт» Байқауын жариялайды.
«ЗачОт-2015» жүлдесін өткен жылы Қазақстан Республикасында білім беру тақырыбына ең үздік жарияланым жасаған авторлар және отандық БАҚ редакциялары ала алады.
Ұсынылған материалдармен танысып, қазылар алқасы, оның құрамында белгілі баспагерлер, журналистер, білім беру жүйесінің өкілдері болмақшы, БАҚ ішінен және журналистер арасынан байқауға жіберген жұмыстарына қарай жеңімпаздарды таңдап алады. Жеңімпаздар 2016 жылдың ақпанында өтетін марапаттау салтанатына шақырылады. Жүлдегерлерді ұйымдастырушылар мен демеушілердің құнды сыйлықтары күтеді.
Таңдап алу талаптарының бірі – жарық көрген материалдың өзектілігі және маңыздылығы; мәселені дұрыс көтере білу және оны жан-жақты аша білу, жазу шеберлігі әрі кәсіпқойлық және тағы басқалар. Сонымен қатар жіберілген материалдар БАҚ –та ақысыз түрде жариялануы керек. Авторлардың өздері жіберген жұмыстарға басымдық беріледі; номинанттардың жартысы «ЗачОт» Республикалық байқауының серіктесі Қазақстандық баспасөз қызметі ұсынған 2015 жылы масс-медиа беттерінде жарияланған материалдарға мониторинг жүргізу арқылы анықталады.
Байқауға қатысу үшін не істеу керек :
- 2016 жылдың 20 қаңтары сағат 18.00 –ге дейін 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсан аралығында жарық көрген жұмыстарыңызды мына электронды поштасына zachot.iab@gmail.com және pr@almau.edu.kz поштасына «ЗачОт-2015» белгісімен жіберулеріңіз керек (мақалалардың мәтінін, ТВ – және радио- сюжеттерді).
Байқауға жіберілетін жұмыстарға қойылатын талаптар:
- материалдар *.doc,*.docx түрінде ғаламтордағы сілтемесін көрсетіп ( егер ғаламторда жарияланбаған болса – полиграфиялық басылымдағы беттерін сканирлеу арқылы көшірмесін жасау керек);
- ТВ- және бейнесюжеттер үшін: материалдар флэш- немесе CD- нұсқада, болмаса материалға сілтеме жіберілуі қажет. Автордың есімі, БАҚ атауы, туындының жарық көрген кезі немесе эфирге шыққан уақыты және сізбен байланыс түрі (ұялы және жұмыс телефоныңыз, е-mail).
Құрметті журналистер!
Түсінбеушілікті болдырмау үшін жіберген материалдарыңыздың жеткені жайында баспасөз қызметі телефондарына хабарласып, анықтап тұрыңыздар.
Сіздердің материалдарыңызды күтеміз! Табыс тілейміз!!!
Біздің Facebook-тегі тобымыз :
AlmaU баспасөз қызметі:
----------------------------------------------------------------------------------------------
Нурия Хасанова, жоба жетекшісі: +7-777-256 9024, +7 777 551 0362, nuriya@almau.edu.kz
Майгүл Қондықазақова, PR-маман: +7 777 319 34 48, +7 727 302 21 51, pr@almau.edu.kz, zachot.iab@gmail.com
Қазақстан, 050060, Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 227 www.almau.edu.kz