Жұмыс берушілер арасында AlmaU-дың түлектеріне сұраныс көп
Алматы Менеджмент университеті жұмыс берушілер арасында түлектерге сұраныс бойынша Қазақстанның үздік университеттерінің Ұлттық рейтингінде көш бастап тұр. Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінің – IQAA Ranking сарапшылары AlmaU-дің түлектерді оқыту және жұмысқа орналастыру бойынша жұмысына және оның нәтижесіне сауалнама арқылы талдау жүргізіп, баға берді.
Бұл жетістік AlmaU студенттерін дамытуға және оларға табысты мансап траекториясын қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз күш-жігерінің куәсі. Алматы Менеджмент университеті еңбек нарығының заманауи талаптарына бағытталған жоғары сапалы білім беріп, жетекші ірі компаниялармен серіктестік орнатып келеді. Сол себепті еңбек нарығында университет түлектеріне сұраныс бар.
Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы ғылым, бизнес және менеджменттің әртүрлі саласындағы білікті мамандардан тұрады. Нәтижесінде AlmaU студенттері теориялық білімдерін практикалық дағдылармен ұштастырып, сапалы білім ала алады. Оқу мекемесінде игерген білімді болашақта өз жұмыстарында қолданады. Демек AlmaU түлектері заманауи бизнес-ортаның нақты қиындықтары мен қажеттіліктеріне дайын.
Тәуелсіз агенттік әзірлеген ЖОО-лардың ұлттық рейтингін зерттеу әдістемесі ғылыми негізделіп, жоғары білім саласындағы халықаралық сарапшылармен мақұлданғанын атап өткіміз келеді. IQAA Ranking 2008 жылдан бері жұмыс істейді.
AlmaU «Сараптамалық бағалау» бойынша – 4,55, ал «Акамедиялық қызмет және жұмысқа орналасу нәтижелері» бағыты бойынша – 65,23 балл жинады. Жалпы рейтингте университет 81,86 балл жинап, Қазақстандағы ТОП-5 ЖОО-ның қатарына енді.
Айта кету керек, рейтингте университеттер: академиялық қызмет, жұмыс берушілердің беделі, студенттер мен түлектердің бағалауы сияқты 5 көрсеткіш бойынша бағаланды.
AlmaU 35 жыл бұрын Менеджмент мектебі ретінде басталған, сол кезде жаңа буын менеджерлерін бітірген Қазақстандағы ең көне жеке университеттердің бірі. Осы аралықта AlmaU «мектептен» заманауи университетке айналды, онда 4 мыңға жуық студент 20 мамандық бойынша бизнес-аналитикадан кино өндірісіне дейін 3 тілде білім алады.