Жұқпалы емес ауру көздерінен келетін зиянды кеміту тұжырымдамасы
2018 жылғы 27 қазанда Астанада ЖЕА бойынша Жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өткізілді.
Отырыс жұмысына 37 сарапшы мен мемлекеттік құрылымдар өкілдері қатысты. Жұмыс тобының мүшелерінен басқа, кеңейтілген отырыс жұмысына ЖИТС РО Бас директоры Б.С. Байсеркин, РПДҒТО Бас директоры Н.А.Негай, ҚДСҰО Бас директоры В.И. Ахметов, Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің Төрағасы Ж.М. Бекшин (олар отырысқа бөлімшелер басшылар деңгейіндегі бір топ қызметкерлерімен келген), Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті Директорының орынбасары З. Ахметова, ҚДСДЕ қызметкері Г.Е. Куспекова, ҚК мүшесі Д.С. Есімов қатысты.
Сөйлеген сөздерінде қатысушылар Қазақстан үшін жаңа болып табылатын ЖЕА-ны алдын алу мен ЖЕА қауіп-қатерлерінің зиянын төмендету тақырыбының өзектілігі және маңыздылығына ерекше назар аударды, және Жұмыс тобы қызметінің алдында өткен ДДҰ-ның АМСК бойынша ғаламдық конференциясында көтерілген мәселелерге сәйкес жүргізілетінін атап көрсетті. Халықаралық сарапшы д-р Алекс Водакты қоса алғанда, қатысушылар тарапынан жоғары бағаланған Зиянды төмендету тұжырымдамасы талқыланған болатын. Д-р Алекс Водак ЖЕА зиянын төмендету және алдын алу саласындағы халықаралық тәжірибе жайлы сөз сөйлеп, сұрақтарға жауап берді де, жүргізілетін жұмысты толығымен қолдады. Халықаралық зиянды төмендету қауымдастығының бұрынғы президенті ретінде, ол осы ұйымға кіру үшін ұсыным хатты беру бастамасымен сөз сөйледі де, осы халықаралық ұйымның басшысының атына әлдеқашан хат жолдады.
Отырыста Зиянды төмендету тұжырымдамасы тыңдалып, бекітілді: https://clck.ru/NeLqg
Жұқпалы емес ауру көздерінен болатын зиянды төмендету тұжырымдамасын іске асырудан болатын экономикалық әсерді бағалау: https://clck.ru/NeRPM
Зиянды төмендету тұжырымдамасы ҚР ДСМ, ҚР ДСМ ҚК, мемлекеттік органдар және ҰЕҰ бірлескен жұмысының айқын мысалы әрі нәтижесі болып табылады.