Жастар фестивалі «Хан Қорық»
Қазақстан Ұлттық Географиялық қоғамы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен және Алматы Менеджмент Унивеситетінің қолдауымен 18-22 тамыз 2015 жылы аралығында Қарағанды облысы, Ұлытау аймағында «Хан Қорық» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Жастар фестивалі өтті.
Фестивальдің мақсаты – жастарға ұлы даланың тарихи және мәдени мұрасын көрсету, өңірдегі мұражай мен табиғи қорықтың жұмысымен және археологиялық, экологиялық зерттеулердің нәтижелерімен танысу. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген студент жастар үш күн бойы қазақ хандығына байланысты тұсаукесерлерін қорғап, қазақтың салт-дәстүрімен кеңінен танысып қайтты. Сонымен қатар, қатысушылар Әулие-таудың басына шығып, қазақ хандары сайланған Хан төбеге, Алаша хан мен Жошы хан кесенелеріне саяхат жасады. Осы фестивалге шақырылған 14 ЖОО-ның 7-уі қатысып, өзіндік өнерлерін көрсетті.
Ерекше белсенділік танытып, қазақ салт-дәстүрі мен ұлттық өнерді насихаттаған, қазақ тарихына байланысты мазмұнды тұсаукесер жасаған Алматы Менеджмент Университетінің студенттері мен топ жетекшісі т.ғ.д., профессор Колушпаева А.Т. ұйымдастырушылардың атынан мақтау қағазға ие болды.