Жастар «адал» бизнесті қолдайды!

Жаңалықтар

Желтоқсан 18, 2015

Жастар «адал» бизнесті қолдайды!

8 желтоқсанда Алматы Менеджмент Университетінде ( бұрынғы ХБА) Алматы қаласы колледждерінде білім алып жатқан студенттер арасындағы жылсайынғы «Мен - кәсіпкермін» атты 5-ші  іскери экономикалық ойын басталды. Көптеген студенттер әлеуметтік кәсіпкерлікке бағытталған өз жобаларының  тұсаукесерлерін көрсетті. Анығы сол, бүгінгі жастарды қаржы табу ғана қызықтырмайды, сонымен қатар қоғамға қызмет ету де қызықтыратынын байқадық. 

Дмитрий Хе - ХБА колледжі тыңдаушысы, осы жобаға қатысушылардың бірі, ол ірі қалаларда  таза ауаға зәру мегаполистің кез келген тұрғыны кіріп, таза  ауа жұтып алатын арнайы  оттекті «капсула» салу бойынша жоба ұсынды. Студент осындай ерекше тәсіл арқылы оттегінің жетіспеушілігін  жоюға болады деп ойлайды.

ХБА колледжі 3 курс студенттері  Эльдар Машуров және  Даулетхан Тұрлыбеков  Наталья Губанова оқытушыларының жетекшілігімен Алматыда ескірген автокөлік дөңгелектерін  өңдейтін шағын зауыт идеясын ұсынған. Келешек кәсіпкерлердің есебі бойынша миллион тұрғыны бар қалада «қажетті шикізатты» табу қиын болмау керек. Алматыда күннен күнге көбейіп жатқан автопарктер жарамай қалған дөңгелектердің артуына әкеліп соғары сөзсіз, дөңгелектер  биологиялық ыдырауға ұшырамайды, өртке қауіпті. Студенттер экологиялық жағынан қауіпсіз және экономикалық жағынан тиімді  жүйені ұсынды, толықтай  SWOT-талдау жасаған, шикізат нарығын, оны өткізуді зерттеген, техникалық жоспарын дайындаған, бұл қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.  Жобаға қажетті инвестиция, студенттердің есебі бойыншай,  294 млн. теңгеден сәл көптеу болуы мүмкін.

Максим Цымбалов (3 курс) және  Кристина Федосеева (2 курс) туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі студенттері  (ғылыми жетекшісі – Ирина Анаятова) «Штурм милосердия» атты әлеуметтік жобасын ұсынды. Оның мақсаты – онкологиялық ауруға ұшыраған балаларға арналған шығармашылық курстар және салтанаттар, мерекелер ұйымдастыру. Студенттер ресми  статистикадан дәлелдер келтірді: Қазақстанда күнде  80  онкоауру анықталады екен, солардың көбі – балалар. Студенттердің арманы сол балақайларға ауру салдарынан болатын психологиялық мәселелерді жеңуге көмек көрсету, себебі  достық көңіл,  айналаңдағылардың жанашырлығы көп адамның денсаулығының жақсаруына ықпал етеді.  Максим мен Кристина өздерінің әлеуметтік жауапкершіліктерін көрсетіп те жүр, олар оригамиден, күйіктастан  шеберлік мектептерін өткізіп,  ауру балалар үшін қызықты мерекелер ұйымдастырған.

ХБА колледжі директоры Альфия Хисматуллина осы жылы әлеуметтік бағыттағы жобалардың көп екені, олар ауруларға, бұралқы жануарларға көмек көрсетуге байланысты болып келеді. Альфия Хисматуллинаның айтуынша, үздік жобалар байқау біткеннен кейін назардан тыс қалмайды: «Әрине, колледж студенттерінің бизнестерін дамыту үшін кредит алуға тәжірибелері жетпейді. Бірақ байқау қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан ұсыныстар түсіп жатыр, олар студенттерге  заң, маркетинг, бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша кеңес беріп, көмектесуге дайын екендерін білдірді,» - дейді.

Ұйымдастырушылар  студенттердің кәсіпкерлік туралы білім деңгейлерін арттырып, бизнес жобаларды басқару  механизмін үйреніп,  экономика және кәсіпкерлік саласында жастардың инновациялық  әлеуеттерін дамыту болды дейді. Қазылар алқасына 60 жоба ұсынылды, олар өндіріске, экологияға, қызмет көрсетуге, туризмге, саудаға байланысты болды. Нәтижесінде 20  жүлделі орын белгіленді,  олар өте сапалы жобаларға берілді.

Бірінші орынды өз ара үш жоба бөлісті, оны дайындағандар ХБА колледжі студенттері: «Тозығы жеткен дөңгелектерді өңдеу» және «Қаржылық сауаттылыққа үйрететін оқу орталығы», ал үшіншісі - «Штурм милосердия» - туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі студенттері.

Екінші орынды да бірнеше жоба бөліп  алды: Алматы  экономика және құқық колледжі (« Қуат және қоршаған ортаға зиянсыз отын» жобасы), Алматы  қаржылық-құқықтық және техникалық колледжі ( «Балалар алаңдарына арналған жабдықтарды дайындау»), туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі(«Мейрамхана бизнесіне  инновациялық  технологияларды енгізу» жобасы), Алматы сервис  колледжі  («Аквапоника» жобасы), Алматы мемлекеттік технологиялар және флористика  колледжі («Шуақты күн» жобасы)  және ХБА колледжі («Восход» театры жобасы).

Үшінші орынды  6 колледж өз ара бөлісті, солардың ішінде  Алматы мемлекеттік политехникалық  колледжі, Алматы сән және  дизайн колледжі, ХБА колледжі,  «Әділет» колледжі, Алматы қаржылық-құқықтық және технологиялық колледжі және  Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар  колледжі бар.

Ойынды ұйымдастырушы  Халықаралық Бизнес Академиясы колледжі  байқауға қатысушылардың табысты жас кәсіпкерлермен кездесіп, тәжірибе, ой бөлісулеріне мүмкіндік жасады, «Алатау» инновациялық технологиялар паркіне экскурсияға алып барды. Іс-шараны ұйымдастыруға Алматы қаласы білім басқармасы, кәсіпкерлер палата, Алматы колледждер ассоциациясы, «Нұр Отан» партиясы және Алматы Менеджмент Университеті (бұрынғы ХБА)  ат салысты. 

Бөліс: