«Жаңа шындық: пандемия дәуіріндегі қаржы»

Жаңалықтар

Қараша 10, 2020

«Жаңа шындық: пандемия дәуіріндегі қаржы»

AlmaU Қаржы және экономика мектебі сіздерді Ұлттық валюта - теңге күніне арналған «Жаңа шындық: пандемия дәуіріндегі қаржы» тақырыбындағы конференцияға қатысуға шақырады. Конференцияға қатысуға қазақстандық және шетелдік ғалымдар, экономика, қаржы, есеп және аудит саласындағы, жетекші экономикалық университеттер мен ғылыми мекемелердің магистранттары, оқытушылары, докторанттары, сонымен қатар кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдарда, жергілікті атқарушы билікте, бизнесте жұмыс жасайтын менеджерлер шақырылады. Конференция бағдарламасы пленарлық отырысты және секцияларда жұмыс істеуді, тақырыптық пікірталастарды онлайн-форматта өткізуді қарастырады. Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағын шығару жоспарлануда. 


 

Конференцияның мақсаты - әлемдік және қазақстандық қаржының болашағына объективті көзқараспен қарау; COVID-19 пандемиясы мен постпандемиясы кезеңінде Қазақстан экономикасы мен қаржысының ресурстық әлеуетін нығайтуды қамтамасыз ететін қаржылық технологиялар мен қаржы құралдарын талқылау. 
 
Конференция міндеттері: 

1. Қолдануы жаңа сыртқы және ішкі қиындықтармен байланысты заманауи қаржылық технологиялармен танысу.

2. Қазақстанның қаржы жүйесін басқарудың барлық деңгейлерінде цифрлық технологияларды қарқынды және интенсівті дамыту мәселелерін талқылау. 

3. Банктер мен қаржы нарықтары - мүдделі тараптардың проблемалары және жаңа парадигмалар.

4. Кәсіптік байланыстарды қалыптастыру және білім беру мекемелері мен бизнес арасында тәжірибе алмасуды орнату. 
 
 

Онлайн-конференцияның уақыты мен күні:  2020 жылдың 12 қарашасында сағат 15.00-де Zoom платформасында

https://zoom.us/j/99932262254?pwd=R0pySHFvb0lyTTBtc1dDWHd4Wmp DQT09

Конференция идентификаторы: 999 3226 2254

Кіру коды: 131391 


 
Конференцияны ұйымдастыру комитеті: 
 
1. Исахова Парида Бакировна, э.ғ.д., профессор, Қаржы және экономика мектебінің Декані, AlmaU

2. Садыкова Раушан Байжановна, э.ғ.к., доцент, «Қаржы» БББ Программ лидері, AlmaU

3. Джаксыбекова Галия Наримановна, «Қаржы» БББ э.ғ.д., профессорі, AlmaU

4. Бирмагамбетов Талгат Балтабаевич, «Қаржы» БББ э.ғ.к., доценті, AlmaU

5. Серикбаева Жанна Даулеткельдиевна, «Қаржы» БББ э.ғ.к., доценті, AlmaU

6. Мадыханова Кундыз Адилхановна, «Қаржы» БББ э.ғ.к., доценті, AlmaU

7. Кошкина Ольга Валентиновна, «Қаржы» БББ PhD, AlmaU 8. Чивазова Амина Закировна, «Қаржы» БББ э.ғ.к., доценті, AlmaU 
 
Ұйымдастыру комитетінің хатшысы: Беришбаева Данара Болатбековна 

Жариялау шарттары: https://clck.ru/Rqufw

Бөліс: