«ЗачОт-2015» байқауының қорытындысы шығарылды!

Жаңалықтар

Ақпан 16, 2016

«ЗачОт-2015» байқауының қорытындысы шығарылды!

Қазақстан Республикасында  білім беру тақырыбына ең үздік жариялым жасаған авторлар арасында және  БАҚ ішінде   өткен  VIІ Республикалық  «ЗачОт» байқауы қорытындысын жасады!

Байқау 2009 жылы бұрынғы Халықаралық Бизнес Академиясы, бүгінгі  Aлматы Менеджмент Университеті (Alma University) бастауымен дүниеге келіп, міне,  Қазақстандық баспасөз клубы қолдауымен  6 жылдан бері өтіп келеді.

Байқаудың мақсаты- Қазақстандағы білім беру мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару, сонымен қатар БАҚ  – тың еліміздегі білім беру мәселесін терең әрі объективті көтеруге ынталарын арттыру, білім тақырыбына жазып жүрген тілшілердің кәсіби деңгейін көтеру.

Байқауға барлығы 48 автордан  298 жұмыс түсті. Байқауға 22 газет, 7 сайт, 5 теле және 1 радиоарнасы, 4 ақпараттық агенттік, және 4 журнал қатысты;  48 жіберілген өтінім ішінен 11 аймақ авторларының  еңбектері және басылымдар болды,  16 –сы мемлекеттік тілде жазатын БАҚ  пен авторлардан келіп түскен.

Қазылар алқасы іріктеп  алу барысында негізге алған  талаптардың ішіндегі бастылары: жарияланымның өзектілігі және маңыздылығы; мәселені көтере білу және оны жан-жақты ашу; мазмұндау шеберлігі мен кәсіпқойлық;  іріктеу барасында өзекті тақырыпты көтеріп, оны терең талдап, жан-жақты аша білуіне аса мән берілді, сонымен қатар барлық ұсынылған материалдар БАҚ-та ақысыз жарияланған болуы керек еді. Байқауда авторлардың өздері жіберген материалдарға  артықшылық  берілді.  Номинанттардың жартысы 2015 жыл бойы масс-медиа беттерінде жарияланған материалдарға мониторинг жүргізу арқылы анықталды. Баспасөз мониторингі қорытындысын Қазақстандық баспасөз клубы берген.

«ЗачОт-2015»  байқауы қазылар алқасының құрамына кіргендер:                                                     

  1. Асылбек Қожахметов,  Almaty Management University президенті;

2.сел Караулова,  азастанклуб

3.Дос К,  публицист, «Ұлт тағдыры»;

4.Ирина Медникова, журналист, ZhasСamp;

  1. Рустам Ниязов, Yvision блог-платформасының бас редакторы.

 

Ұсынылған жұмыстармен,  мониторинг бойынша үздік жарияланымдармен танысып, қазылар алқасы 20 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Сонымен қатар 4 автор байқаудың арнайы сыйлығына ие болды.

Сонымен, басылымдар арасында жеңімпаз атанғандар:

Сайт Forbes.kz  «ЗачОт-2015»  жүлдесін   «ҚР бизнес-білім беру тақырыбын үздік насихаттағаны үшін» номинациясы бойынша;

 «Южный Казахстан» газеті  «ЗачОт-2015» жүлдесін «Аймақтық БАҚ-та білім беру тақырыбын үздік насихаттағаны үшін» номинациясы бойынша;

 Central Asia Monitor газеті  «ЗачОт-2015» жүлдесін  «ҚР жоғары мектептердегі реформалар туралы үздік аналитикалық материал үшін» номинациясы бойынша;

 Kazakh TV телеарнасы  «ЗачОт-2015» жүлдесін «Сарапшы пікірі» номинациясы бойынша .

Авторлар арасындағы жеңімпаздар:

Владимир Радионов, ҚазТАГ,  «ЗачОт-2015» жүлдесін  «Ақпараттық  желіде білім беру жаңалықтарын үздік жеткізгені үшін» алды;

Алина Альбекова,  «Мегаполис» газеті, «ЗачОт-2015» жүлдесін «Кәсіпкерлік университет туралы үздік материал» үшін  алды;

Зарина Орумбаева, «Бизнес&власть» газеті, «ЗачОт-2015»  жүлдесін «Шетелдік білім беру тақырыбына жазылған үздік материал»  үшін алды;

Катерина Клеменкова, 365info.kz сайты,  «ЗачОт-2015» жүлдесін  «Академиялық адалдық тақырыбына жазылған үздік материал» үшін  алды;

Галина Галкина, «Новое поколение» газеті, «ЗачОт-2015» жүлдесін  «Үздік портретті сұқбат» үшін алды;

Инкар Нұрсұлтанова,  «Білім Шапағаты» газеті, Талдықорған,  «ЗачОт-2015» жүлдесін  «Аймақтық БАҚ-та білім беру тақырыбына жазылған үздік мақала» үшін алды;

Гүлмира Садық, «Қазақ үні» газеті, «ЗачОт-2015» жүлдесін  «Білім тақырыбы бойынша  үздік сұқбат» үшін алды;

Жаппарберген Айбота, Қазақпарат, «ЗачОт-2015» жүлдесін  «Қазақ тілінде ақпараттық желіде  білім беру жаңалықтарын үздік жеткізгені үшін» алды;

Ришат Асқарбекұлы, Astana TV,  «ЗачОт-2015» жүлдесін «Теледидарда білім беру тақырыбын үздік насихаттағаны үшін» алды;

 

 Alma University белгілеген арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар сыйлықтарын  жоғарғы оқу орнының Мектептері мен Департаменттері жетекшілерінен  алды.

Сонымен,  National Business журналы  «ЗачОт-2015» жүлдесін   «Ректормен сұқбат» арнайы номинациясы бойынша алды – БАҚ марапатын сұқбат берушінің өзі, яғни  Alma University ректоры Асылбек Қожахметов табыс етті.

«AlmaU мектептері туралы үздік материал» арнайы номинациясын  Zakon.kz  ақпараттық агенттігіне Alma University Құқық Мектебі директоры  Жаннета Калишева тапсырды.

«Казахстанская правда» газетіне  «ЗачОт-2015» жүлдесін   «Шектеусіз мүмкіншіліктер» әлеуметтік жоба тақырыбын үздік насихаттағаны үшін» арнайы номинациясында  осы жобаның  бастамашысы болған AlmaU Бизнес Жоғары Мектебі тапсырды.

Алматы телеарнасы  «ЗачОт-2015» жүлдесін  « «Service Learning» әлеуметтік жобасы туралы үздік материал үшін» номинациясында жеңіп алды, жүлдені  осы жобаның жетекшісі болған  базалық дайындық факультеті деканының орныбасары  Лаура Масанова тапсырды.

Voxpopuli.kz фотосурет репортаждары сайты «ЗачОт-2015» жүлдесін «Ұлытау» әлеуметтік жобасы туралы үздік материал үшін»  осы жобаның ғылыми жетекшісі Дос Көшімнің өз қолынан алды.

 Bnews.kz ақпараттық агенттігі  «ЗачОт-2015» жүлдесін «StartUp Tour-дың  қазақстандық кезеңін үздік насихаттағаны үшін » арнайы номинациясында  алды. Сыйлықты жоғарғы оқу орнының инновациялар мен кәсіпкерлікті дамыту Орталығының директоры Ксения Южанинова тапсырды.

 

«ЗачОт-2014» байқауының арнайы сыйлықтарына ие болғандар:

Татьяна Трубачева,  «Forbes-Kazakhstan» журналы. «Белгілі нәрсе туралы белгісіз нәрселер» арнайы жүлдесі-  «Қазақстандық миллионерлер  студенттік кездерін қалай өткізген»;

Олег Болдырев, Kazakh.tv.  «Теледидарда стартаптар  тақырыбын үздік насихаттағаны үшін»» арнайы жүлдесін  инновациялар мен кәсіпкерлікті дамыту Орталығының директоры Ксения Южанинова тапсырды.

Қалыбек Бекбағанбетов,  «Бизнес&власть» газеті.  «Ұлытау» жобасын үздік көркемдеп жеткізгені үшін» арнайы сыйлықты осы жобаның ғылыми жетекшісі Дос Көшім тапсырды.

Оксана Акулова, «Время» газеті.  «Журналистік тергеу – білім беру саласындағы жемқорлық туралы бірнеше мақалалары үшін» арнайы сыйлығын тілшіге жоғарғы оқу орны ғылым Басқармасының директоры  Светлана Шакирова тапсырды.

 

Сонымен қатар «ЗачОт-2015» Республикалық байқауының құрмет дипломы  әрі естелік стеласы үздік медиа серіктес ретінде Қазақстандық баспасөз клубына тапсырылды.

Барлық жеңімпаздарға диплом және естелік стелалар, Alma University бағалы сыйлықтары мен кәде сыйлықтары  тапсырылды. 20 жүлдегерге смартфон сыйлыққа берілді!

 


 

 Alma University  баспасөз қызметі---------------------------------------------------------------------------Нурия Хасанова, жетекші: +7 777 256 90 24, +7 727 302 21 51, nuriya@almau.edu.kz

Майгүл  Қондықазақова, PR- маман: +7 777 319 34 48, +7 727 313 27 58, pr@almau.edu.kz, zachot.iab@gmail.com

Қазақстан, 050060, Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі,  227 www.almau.edu.kz

 

Бөліс: