AlmaU-да қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
2018 жылғы 20 қараша айында AlmaU қонақжайлылық және туризм мектебі қарамағында ашылған «Welcome Club» студенттік клубы қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.
Іс-шарадан жиналған барлық қаражат мидың диффузды глиомасы дерті анықталған төрт жасар Амирхан Сырымның ата-анасының шотына аударылады.
«Welcome Club» студенттік клубы 12 демеушілердің қолдауымен мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырысып, іс-шараның барлық қатысушыларына көп мөлшерде сыйлық сертификаттары мен байқаулар дайындады. Жәрмеңкеге келген бірде-бір аларман назардан тыс қалмады. Сонымен қатар харизмалық жүргізушілердің арқасында Атриум холлында көңілді және достық атмосферасы орнады.