AlmaU-да қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Жаңалықтар

Қараша 20, 2018

AlmaU-да қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

2018 жылғы 20 қараша айында AlmaU қонақжайлылық және туризм мектебі қарамағында ашылған «Welcome Club» студенттік клубы қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. 

Іс-шарадан жиналған барлық қаражат мидың диффузды глиомасы дерті анықталған төрт жасар Амирхан Сырымның ата-анасының шотына аударылады.

«Welcome Club» студенттік клубы 12 демеушілердің қолдауымен мерекелік көңіл-күй сыйлауға тырысып, іс-шараның барлық қатысушыларына көп мөлшерде сыйлық  сертификаттары мен байқаулар дайындады. Жәрмеңкеге келген бірде-бір аларман назардан тыс қалмады. Сонымен қатар харизмалық жүргізушілердің арқасында Атриум холлында көңілді және достық атмосферасы орнады.

Бөліс: