Алматы Менеджмент Университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аталып өтті.

Жаңалықтар

Қазан 30, 2015

Алматы Менеджмент Университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аталып өтті.

30 қазан 2015 жылы «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Татулық – табылмас бақыт» атты  әр түрлі ұлт өкілдері-студенттерінің қатысуымен мерекелік кеш өтті. Мерекелік кештің мақсаты – Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын жастарға паш ете отырып, олардың бойындағы елге, халыққа деген сүйіспеншілікті, патриотизмді сіңіру. Кеште әр ұлт өкілдері өз  салт-дәстүрлері мен тарихы туралы мәлімет бере отырып, өз өнерлерімен тәнті етті. Кеште қазақ және татар, кәріс, ұйғыр, қырғыз, өзбек, түрік, орыс ұлтының  өкілдері өнерлерін көрсетті.  Кеш қонақтары – Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы  төрағасының орынбасары Казбек Владимирович Мансуров, Қаскелең қаласы  бойынша түрік әйелдер қоғамдастық бірлестігі төрайымы – Алиева Дурия ДЖамаловна студенттердің өнерін  тамашалап, өз ризашылығын білдірді. 

Бөліс: