Алматы Менеджмент Университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аталып өтті.
30 қазан 2015 жылы «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Татулық – табылмас бақыт» атты әр түрлі ұлт өкілдері-студенттерінің қатысуымен мерекелік кеш өтті. Мерекелік кештің мақсаты – Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын жастарға паш ете отырып, олардың бойындағы елге, халыққа деген сүйіспеншілікті, патриотизмді сіңіру. Кеште әр ұлт өкілдері өз салт-дәстүрлері мен тарихы туралы мәлімет бере отырып, өз өнерлерімен тәнті етті. Кеште қазақ және татар, кәріс, ұйғыр, қырғыз, өзбек, түрік, орыс ұлтының өкілдері өнерлерін көрсетті. Кеш қонақтары – Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Казбек Владимирович Мансуров, Қаскелең қаласы бойынша түрік әйелдер қоғамдастық бірлестігі төрайымы – Алиева Дурия ДЖамаловна студенттердің өнерін тамашалап, өз ризашылығын білдірді.