Бэкон оқыған университет AlmaU-дің серіктесі болды

Жаңалықтар

Ақпан 23, 2016

Бэкон оқыған университет AlmaU-дің серіктесі болды

17 ақпаннан  22 ақпанға дейін Алматы Менеджмент Университеті  (бұрынғы ХБА) делегациясы Францияға ресми сапар барысында бірнеше шетелдік университеттерде болып, солардың ішінде AlmaU –мен бұрыннан серіктес жоғарғы оқу орындарын  әрі ынтымақтастықты  қалыптастыру керек оқу орындарын аралады.

AlmaU делегациясы құрамында жоғарғы оқу орнының президенті Асылбек Қожахметов, бірінші  проректор Алмагүл Қанағатова, халықаралық даму Бөлімінің бас маманы  Рим Абдуллин болды.

 

Осы сапардың маңызды нәтижесінің бірі  Poitiers университетімен  серіктестік қарым-қатынастың орнағаны  болып отыр.   Францияның  бұрыннан келе жатқан университеттерінің бірі  Пуатье деген нағыз студенттердің қалашығында  орналасқан, мұнда небәрі  80 000 –ға жуық адам тұрады, оның  25 мыңын  студенттер құрайды.   Пуатьенің тағы бір ерекшелігі  – тарих пен бүгінгі өмірдің бірігіп кетуі, мұнда факультеттердің көне ғимараттары сақталған әрі  800 адамға арналған заманауи мықты дәрісханалар да  кездеседі.

Университет  негізін 1431 жылы  VII Карл қалаған. Атақты түлектерінің ішінде Франсуа Рабле, Рене Декарт, Фрэнсис Бэкон, Уильям Шекспир аталады. «Бізге ерекше әсер еткені доктаранттардың қорғауы өтетін дәрісхана болды, себебі бұл ұлылардың шығармаларынан тұратын керемет галерея! Әр корпуста көнеден бастап бүгінгі күнге дейін жинақталған әдебиеті бар  ірі кітапханалар, сабаққа дайындалуға, демалуға тамаша жағдай жасалған ! Бір сөзбен айтқанда, осы университетке  оқуға баратын студенттердің әрі сабақ беруге баратын оқытушылардың жолы болады», - деп, бірінші проректор  Алмагүл Қанағатова өз әсерін жеткізді.

Университетпен жасалған келісім бойынша, Poitiers құқық Мектебі  AlmaU құқық Мектебінің қалыптасуына қолдау көрсетеді,  бұл екі оқу орнының ынтамақтастығының бір бағыты болып саналады.

Сонымен қатар қазақстандық жоғарғы оқу орнының өкілдері AlmaU-дың академиялық алмасу және ұтқырлық саласындағы бұрыннан келе жатқан серіктесі  IESEG School of Management –ке соқты. Қазақстандық делегацияны қарсы алғандардың қатарында бұрын Алматы Менеджмент Университетінде алмасу бағдарламалары бойынша оқыған француз студенттері болды. Жастар бізде оқығандарына ризашылықтарын білдірді.

Қазақстандықтар тағы да  Stephen Murdoch, Associate Dean –де болды, олар сонау 2010 жылы қазақстандық және француздық университеттердің арасында байланысты қалыптастыруға барынша күш салған болатын.

« Бізге  IESEG School of Management студенттерімен, магистранттарымен араласу бір ғанибет болды, олар қазіргі уақытта алмасу бағдарламасы бойынша оқу үшін біздің университетімізді таңдап отыр. Бізге олардың ынтасы, біздің елге деген құрметі ұнады, олар біздің елімізге сапарды асыға күтуде, жақында  AlmaU-ға келеді! Өз кезегімізде, биыл 8 студент алмасу бағдарламасы бойынша  Парижге және и Лилльге барады! Мұнда қазақстандық компаниялардағы менеджмент туралы дәріс оқитын біздің оқытушыларымызды да асыға күтуде, осыған орай Франциядан кәсіпкерлік ойлау  туралы профессорлар дәріс оқуға келеді. Сонымен қатар француз жоғарғы оқу орны  өкілдерінің ағылшын тілі оқытушылары үшін ұйымдастырылатын жазғы мектепке қатысулары туралы келісім жасалды! Мен Франция университеттері жағынан  жаңа серіктестеріміздің бірнеше жылдан кейін жақынырақ, бір туғандай болып кететіндеріне сенемін!», - дейді  Алмагүл Қанағатова.

Бөліс: