«Ұлытау» оқу-тәрбие тәжірибесі

Жаңалықтар

Мамыр 24, 2019

«Ұлытау» оқу-тәрбие тәжірибесі

Алматы Менеджмент Университетінің қабырғасында университетіміздің президенті Асылбек Базарбайұлы Қожахметовтің «Ұлытау» мәдени-лингвистикалық жобасын жалғастыру мақсатында Тілдерді дамыту орталығының ұйымдастырумен 2019 жылдың 27 мамырынан 01 маусым аралығында 450-ге жуық 1 курс студенттері «Ұлытау» оқу-танымдық  практикасынан өтеді. 

Қоғамымыздағы рухани жаңару жастардың ұлттық санасын, халықтық қадір-қасиетіміз бен даралық белгілерімізді жандандыруға жол ашып отыр. Қазіргі таңдағы міндет осы қасиеттерді жастардың бойына сіңіру, өскелең ұрпақтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіндірту. Ал рухани байлықты қалыптастырудың бірден бір жолы –  өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақтылай бағалай білуге бағыт бере отырып тәрбиелеу.

«Ұлытау» оқу-танымдық практикасының  мақсаты - «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының мақсатын «Ұлытау» жобасының аясында іске асыру және студенттердің оқу үрдісінде алған білімдерін бекіту және тереңдету болып табылады.

«Алматы Менеджмент Университеті» ББМ қабырғасында төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан тұтатын жаңа өскелең ұрпақты тәрбиелеуде  таңдалып алынған бағыты өзекті болғандықтан, «Ұлттық құндылықтар» тақырыбын жан-жақты ашу үшін практика қазақ тілінде (студенттердің А1, А2, В1, В2, С1, С2 деңгейлері бойынша) кейс әдісімен ұйымдастырылады.

Кейс тақырыптары:

  • салт-дәстүрлерді жаңғырту мәселесі;
  • үш тілде білім беру мәселелері;
  • құндылықтардың құлдырау мәселесі;
  • ұлттық-мәдени кодты сақтай білу;
  • ұлттық дәстүрлі өнерді жастар арасында насихаттау;
  • көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру мәселелері;
  • ұлттық тәрбиені жаңғыртудағы өзекті мәселелер.

Практиканы ұйымдастыру кейс тапсырмаларынан;  топтық жұмыс түрлерінен; студенттің практика бойынша жеке картасынан құрастырудан; кейс бойынша топтық тұсаукесерден тұрады. Практика барысында кейстерге қатысты студенттерге далалық жағдайларда (Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, жылқы клубы, мұражайлар,  кітапхана, қазақ халқының қолөнершілер орталығы, мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы және т.б.)  деректер жинау ұйымдастырылады.

Іс-шара бағдарламасымен таныстыруыңыз керек.

Бөліс: