«Үйде жалғыз қалғандар»: AlmaU-да Ашық есік күні өткізілді
Рекрутинг бөлімінің тату командасы өздерінің креативтілігімен және шығармашылық көзқарасымен әруақытта ұжымды таңқалдыруда. Биылғы Ашық есік күні ерекше болды. 2019 жылдың 22 желтоқсанында Жаңа жыл қарсаңында Алматы қаласының 150-ге жуық талапкері танымал "Үйде жалғыз қалған" фильміндегідей күйді сезінуге мүмкіндіктері болды.
Университет дәлізінде балалар үшін Аяз ата мен Ақшақар бар фотозона ұйымдастырылды. Сонымен қатар "Hunters" үгіт-насихат командасының кеңесшілерін қонақтарды қарсы алды.
Талапкер Әйгерім: мен Ашық есік күніне бірінші рет қатысып тұрған жоқпын. Маған AlmaU-дың атмосферасы ұнайды, мұнда барлығы тату және көңілді. Мен "Қаржы" мамандығына түсуді жоспарлап отырмын. Бірінші курсқа тапсырар кезді асыға күтудемін!
Бұл күні жеке кеңес берумен қатар, рекрутинг командасы барлық мектептердің, әкімшілік бөлімшелердің, мамандықтар мен студенттік өмірдің толық және ауқымды тұсаукесерін дайындады.
Талапкер Болат: мен AlmaU-ға түсемін деп жоспарлап жүрмін, өйткені мұнда академиялық сала мен шығармашылық және креативтілік бар деп есептеймін. Әркім өзі үшін өмірде айналысатын бір нәрсе тауып, болашақта табысты бола алады. Осындай тамаша күнді ұйымдастырғаны үшін университетке үлкен рақмет!
Ашық есік күнінің ресми бөлімі аяқталған соң, белсенді студенттер көпшіліктің сүйікті "жарысушылар" байқауы және тақырыпқа байланысты квест дайындады. Демеушілердің дайындаған сыйлықтары талапкерлерді таң қалдырды, себебі олардың арасында бағалы сертификаттар мен фирмалық футболкалар болды.
Талапкер Анель: болашақта мен табысты businesswoman боламын деген ойдамын және сүйікті ісімнің маманы болғым келеді. Сондықтан мен AlmaU-ға түсемін деген ойдамын. Маған сондай-ақ білім алмасу бағдарламасы бойынша баруға болатын мүмкіндіктер және тамаша да қызықты студенттік өмір ұнайды. Осындай іс-шара ұйымдастырған үшін Университетке үлкен рақмет!
Мұндай іс-шаралар 11-сынып оқушыларына болашақ мамандықтарын анықтауға және таңдауға көмектеседі, университетпен жақын танысуға және жаңа достар табуға болатын тамаша мүмкіндік.
Талапкерлерге арналған келесі қызықты кездесулерді жіберіп алмау үшін біздің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымызды оқыңыздар!