Creative Spark: Higher Education Enterprise Programme жобасы бойынша шеберлік – сабақтың кезекті төртінші кезеңі өтті
21 маусым күні Almaty Management University-де Creative Spark: Higher Education Enterprise Programme жобасы бойынша төртінші шеберлік-сабақ өткізілді. Британ Кеңесі, «Фэшн индустрия, командалық жұмыстағы мотивация нетворкингы, күйзеліс жағдайды басқару, тыңдай білу» және «Public speaking for Art» ұйымдастырды.
Бұл шеберлік-сабақта fashion бизнестегі нетворкинг дағдылары, Humble Inquiry жолымен ақпаратты тыңдау және оны қабылдау дағдылары үйретілді. Материалды жақсы да сапалы меңгерту үшін берілген әрбір ақпараттан соң қатысушылардың белсенділігін арттырып, тапсырмалар берілді. Барлық қатысушы өз fashion бизнесінің немесе fashion старт-ап жобасының ерекшелігін ескере отырып тапсырмаларды орындады.
Жақсы жасалған кейстер бойынша жоба резиденттері жоғарыда көрсетілген тақырыптар туралы құнды ақпарат алды. Көрсетілген бірінші шеберлік –сабақтың спикерлері Британдық сарапшы Катерина Томас және көпшілік алдында сөз сөйлеудің шебер-ұстазы Хан Ирина болды. Fashion-дизайнерлер, кәсіпкерлер, ритэйл, fashion – блогерлер, ЖОО өкілдері шеберлік –сабақтан шабыттанып, жақсы әсер алды деген ойдамыз.
Creative Spark - бұл Біріккен Корольдіктің қолдауымен Орталық Азияда, (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан), Оңтүстік Кавказ (Әзірбайжан, Армения, Грузия) және Украинада өткізілетін жоба. Аталған жеті елде кәсіпкерлікті, креативті экономиканы дамыту мақсатында халықаралық университеттерді қолдау және халықаралық әріптестік құру жөніндегі бес жылдық жұмыс болып табылады. Жоғары білім беру саласындағы реформаларды қолдау және осы жеті елде жұмысқа орналасу мәселелерін шешуге жәрдемдесу үшін Құрама Корольдіктің тәжірибесі кәсіпкерлік саласындағы білімді дамыту үшін пайдаланылатын болады.
https://www.britishcouncil.kz/ru/programmes/education/creative-spark