The Babson Collaborative Student Challenge 2018: AlmaU студенттері 14 жобаны жариялады

Жаңалықтар

Наурыз 07, 2018

The Babson Collaborative Student Challenge 2018: AlmaU студенттері 14 жобаны жариялады

5 наурыз күні Almaty Management University-де  The Babson Collaborative Student Challenge 2018 халықаралық байқаудың локальді кезеңі өтті, бұл жыл сайын  Babson Collaborative-тің серіктес жоғары оқу орындары арасында ұйымдастырылады.

The Babson Collaborative Student Challenge – бұл байқауда кез келген мамандықтың студенттері бір команда болып, тұрақты даму саласындағы БҰҰ-ның мақсаттарын шешуге бағытталған бизнес немесе әлеуметтік  жобаларын ұсынулары тиіс.

Локальді кезеңнің жеңімпазы  «Экологиялық үйдің құрылысы» жобасын ұсынған «Қаржы» мамандығының үшінші курс студенттері Андрей Колыш, Марина Фролова, Амирлан Сулейменов және Ксении Годованованың командасы болды,  команды менторы: Серикбаева Жанна Даулетқызы.

Бұл жеңіс командаға байқаудың жаһандық кезеңіне AlmaU-дың атынан қатысуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, 2018 жылдың шілде айындағы АҚШ-та өткізілетін  Babson Build екі апталық кәсіпкерлік бағдарламасына қатысуға жолдама береді.

Байқаудың нәтижелерін мына сілтемеден оқып көре аласыздар: https://goo.gl/4TtXbV

AlmaU-дың барлық мектептері атынан байқауға 48 команда қатысты, сонымен қатар Базалық дайындық факултеті де қатысып, 14 жоба ұсынды. Жасалған жобалар әлемнің  тұрақты даму саласындағы БҰҰ-ның 17 мақсатын шешуге бағытталған еді.

Студенттер әртүрлі саладағы жобаларды көрсетті: естімейтін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жобалардан бастап, қол жетімді тұрғын үй құрылысына дейін жасаған.

Қазылар алқасы 14 командаға KZ Pitching challenge-ге қатысуға, 8 командаға (Экологиялық тұрғын үй құрылысы, Мені түсін, Smart Angel, 4U, Big Data, Dias and Company, Cosmos)  «STARTUP «BOLASHAK»: МЕНІҢ АРМАНЫМ» байқауына қатысуға  кеңес берді, 2 командаға (Мені түсін, Be you) Enactus AlmaU аясында жобаны бастап, жүзеге асыруларына, сонымен қатар  4U жобасына  MassChallenge байқауына атсалысуларына кеңес берді.

 

AlmaU –дың инновацияны және кәсіпкерлікті дамыту орталығы команда менторларының  жұмысын жоғары бағалап, Рахимбаева Жанар Сапарқызына, Тютюнникова Марина Владимировнаға және Серикбаева Жанна Даулетқызына алғыс білдірді.

Қазылар алқасының мүшелері:

  • Ксения Южанинова, AlmaU –дың инновацияны және кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры
  • Айгерим Кауменова, AlmaU-дың халықаралық даму басқармасының директоры
  •  Арад Давар,  инновациялық білім беру бағдарламасының директоры
  • Властимил Самек, БҰҰ-ның Қазақстандағы Қоғамдық ақпарат департамент өкілі

Әділ қазылар алқасының негізгі міндеті – әлемнің тұрақты даму саласындағы БҰҰ-ның мақсаттарын шешуге бағытталған  бизнес-тұжырымдаманың өміршеңдігін бағалау болды. Бұл жобалар толыққанды бизнес-жоспар болмаса да, аталған ұсыныстар кешенді зерттеулерге және бизнес-жоспарларға негіз болуы мүмкін.

Жергілікті кезеңді ұйымдастырушы:

AlmaU –дың инновацияны және кәсіпкерлікті дамыту (ИКДО). ИКДО инновациялық және кәсіпкерлік университеттегі экожүйені дамыту болып табылады және бұл жұмысқа, инновациялық үрдіске, креативті ойлауға және кәсіпкерлік қызметке студенттерді, оқытушыларды және қызметкерлерді қатыстыру үшін жағдай жасау  және оның нәтижелерін коммерциализацялау болып табылады.

Бөліс: