Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Тәуелсіз елдің басты символы ту, елтаңба және әнұран. Егемен ел болғаннан бері еліміздің көк байрағы Олимпиада төрінде бірнеше рет көтеріліп, әнұранымыз шырқалды.
Туымыз Эвересттің ең биік шыңында, Оңтүстік Америкадағы Охоc-дель-Саладо жаңартауында және екі рет ғарышта болды.
130-дан астам елмен дипломатиялық қарым-қатыныс орнатылды.
Биыл халқымыздың саны 19 млн-нан асты.
Конституциялық реформа тұңғыш рет тікелей халықтың дауыс беруі арқылы жүзеге асты.
Пандемияда COVID-19-ға қарсы алғаш рет отандық QazVaq вакцинасы әзірленді.
Биыл елімізде жаңа үш облыс құрылды.
Білім саласы да қарқынды түрде дамып келеді. Осы тұста AlmaU-да Huawei-дың цифрлық зертханасы ашылатын еске саламыз.
Елімізде әрдайым оң өзгерістер мен жақсы жаңалықтар болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!