AlmaU студенттері адам құқығы туралы біледі!

Жаңалықтар

Желтоқсан 14, 2015

AlmaU студенттері адам құқығы туралы біледі!

«Лаңкестікпен күрес жағдайында адам құқығын қорғау» атты Халықаралық жастардың заң форумында құқық Мектебінің 4 курс студенті  Виктор Еремчук  эссе жазу сайысында  3-орын алды. Жеңімпаз дипломмен марапатталып, 50000 теңге сыйақы алды.  

Әлемдік Адам құқықтарын қорғау күніне арналған форум Астанада ҚазМЗУ –де (Қазақ Мемлекеттік Заң Университетінде)  Астанадағы ОБСЕ бағдарламалары Кеңсесі және «Сорос-Қазақстан» Қоры қолдауымен өтті. Форум аясында өткізілген эссе сайысына 24 жоо-ның заң мамандықтары студенттері, оқытушылар, ғалымдар, мемлекеттік органдардың, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері  қатысты. Осынша көп қатысушыларға қарамастан Виктор осы сайыс талаптарына лайық жұмысты жазып шықты, әрине, бұған Виктордың жетекшісі з.ғ.к., доцент  AlmaU «Құқық» кафедрасының меңгерушісі  Айымгүл Тілеужанованың да қосқан үлесі зор болды.        

Заңгер студенттер арасында осы тақырыпқа берілген эссе халықаралық сайысы Қазақстан қатысушылары үшін ғана өткен жоқ, басқа елден келген студенттер үшін де жүргізілді. Ізденушілерден қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған 90 жұмыс берілген. Қазылар алқасы жұмыстарды бағалауға жауапты қарап, плагиат  болмауын ескеріп, жұмыстарды мұқият тексеріп шыққан.  

Форум барысында ұлттық студенттік дебат турнирі де сарапшылардың алдынан өтті. Атап айтқанда, , панельді пікірталаста мемлекеттік органдардың өкілдері және академиялық орта мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері  лаңкестікке,  күштеу экстремизмі мен радикализмге  қарсы тұру жағдайында адам құқығын қорғау механизмін және  өзекті мәселелерді талқылады. Құқық Мектебі деканы Жаннетта Калишева өз сөзінде лаңкестік шабуылдардың құрбандары туралы мәселені көтерді, бейбіт тұрғындарға келтірілген залалды төлеу, адамдардың өмірінің  қауіпсіздігі сияқты  мәселелерге тоқталды.

Бөліс: