Студентке 5 кеңес немесе ақша табудың жолдары
Дипломы жоқ, оқу процесіндегі студентке қандай жолдармен қаражатты көбейтуге болатынын қарастырып көрейік. Студенттік кезде ақша тапшылығы әсіресе айқын байқалады: көптеген жылдар бойы ата-анасының алақынында өскен жасөспірімдер ендігі кезекте қаржының жұмсалуын өздері бақылап, кейде бір айға жоспарлаған ақшасын бір аптада тауысып жатады. Бұл сирек емес жағдай студенттердің санасында “қалай ақша тапсам болады?” деген сауалды тудырады. Сонымен, дипломы жоқ, оқу процесіндегі студентке қандай жолдармен қаражатты көбейтуге болатынын қарастырып көрейік.
1. Үнемдеңіз
Бұл ережені әлемдегі ең бай отбасылардың бірі Рокфеллердің өздері ұстанған. Қаражатыңыздың қайда жұмсалып жатқанын анықтау үшін, арнайы күнделік арнап, сатып алынған заттарыңызды жазып қойыңыз. Ұсақ-түйекке күнделікті қанша ақша кетіретініңізді көргенде, қажеттіліктеріңізді азайтуға тырысасыз. Өкінішке орай, маркетинг жақсы дамыған заманда қатты қажет емес заттарды санасыз алып жататынымыз бар. Сондықтан, жоспарлап қойған “must have” заттарыңызды ғана сатып алыңыз. Және есіңізде сақтаңыз: сізде қанша ақша бар екендігі маңызды емес, маңыздысы – сіздің қанша ақша жұмсайтыныңызда.
2. Бойыңыздағы қабілеттерді зерттеңіз
Егер сіз белгілі бір талант иесі болсаңыз, жақсы портрет сала алсаңыз, актерлік, әншілік шеберлігіңіз болса немесе киім тіге алсаңыз, дәмді тағамадар әзірлей алсаңыз т.б., дереу қабілетіңізді пайдаға асырыңыз. Мереке-тойларда ән айтып, фотограф болып та, жүргізуші болып та біраз қаржы табуға болады. Аспасзыдық өнеріңіз болса, торттар жасап,таныстарыңызға сатсаңыз болады. Сөзіме сеніңіз, сіздің де қолыңыздан бір нәрсе келеді. Бастысы, ерінбей еске түсіріп көріңіз!
3. Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынас орнатыңыз
Сіздің жаныңыздағы әр адам – ақпарат көзі. Неғұрлым көп адамдармен сөйлессеңіз, соғұрлым көкжиегіңіз кеңееді. Бастысы, білімді әрі табысты тұлғалармен әңгімелесу. Өзіңізді жан-жақты, білімді, қабілетті азамат ретінде көрсете білсеңіз, таныстарыңыз сізді ашық вакансияларларға, ақша төленетін жауапты жұмыстарға, қаржыланатын студенттік жобаларға ұсынуы мүмкін.
4. Тың идеяларға ашық болыңыз
Менің әлі мектепте оқитын бір таныс досым шетелде білім алып жатқан қазақ жастарымен ғаламторда танысып, жақсы қарым-қатынас орнатып алды. Қазір болса, әлгі шетелдіктер досымның Qiwi-әмиянына ақша аударып, жақындарына сыйлық ретінде қажетті заттардың тізімін жазып жібереді. Досым сыйлықтарды дүкеннен сатып алып, шетелдіктердің туыс-туғандарының мекен-жайына апарып, ұсынады. Сыйлықтан қалған ақшасын қалтасына салатын досым қазір қомақты қаржы жинап алды. Болашағына деген жоспарлары керемет. Бұдан түйетін ой: ақша аяғымыздың астында жатыр.
5. Табысты адамдардың өмірін зерттеңіз
Роберт Кийосаки айтпақшы, бай адам мен кедей адамның ойлау жүйесі екі түрлі болады. Ауқатты болу үшін, ақшаға ауқаттылар сияқты қарау керек. Кітап беттерін ақтарып, қаржыға деген сауаттылығыңызды жоғарлатыңыз. Ақша – бұл нәтиже. Нәтижеге дейінгі жолдарды сол нәтижеге жеткен адамдардан біле аласыз.
Ақша таба білу – өнер емес, ақшаны иелене білу – өнер. 20 сағат бойы жұмыс жасап тапқан 5000 теңгеңізді келесі күні-ақ жұмсап тастауыңыз мүмкін. Шамалы ой жүгіртіп, күнде 5000 теңге тауып отыруыңыз мүмкін. Таңдау еркіңіз өзіңізде.
Автор: Салтанат Шоланова