«STEM-дегі гендерлік алшақтық» атты дөңгелек үстел
Алматы Менеджмент Университеті мен TechnoWomen бірлесіп 2023 жылдың 19 мамырында AlmaU-да «STEM гендерлік алшақтық» атты дөңгелек үстел өткізеді. Ғылыми қауымдастықтың, мемлекеттік органдардың, бизнес пен азаматтық сектордың өкілдері STEM саласындағы білім беру мен жұмыспен қамтудың ең өзекті мәселелерін талқылайды. Технология және инжиниринг саласындағы қазақстандық және халықаралық кәсіпорындарда студент қыздардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту және мансап құру мақсатында болашақ ынтымақтастық мәселелері де қарастырылады.
Дөңгелек үстелде Қазақстандағы STEM білім берудің гендерлік аспектісін зерттеуге арналған International University of Ecuador және NorthCap University (Үндістан) зерттеушілерімен бірлесіп Cintana Alliance халықаралық жобасының нәтижелері ұсынылады.
Бағдарламаға шолу:
10.00-10.10
Ашылу шарасы
Айгерим Кауменова, DBA, AlmaU Жаһандық серіктестіктер жөніндегі проректоры, Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер, отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі, БҰҰ PRME Еуразиялық бөлімшесінің негізін қалаушы және төрағасы.
10.10-10.20
Сәлемдесу сөз
Азиза Шужеева, «TechnoWomen» ҮЕҰ президенті, «Цифрлық трансформация» қоғамдық қорының негізін қалаушы, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.
10.30-11.00
«STEM білім берудегі гендерлік алшақтық» зерттеу нәтижелерін ұсыну
Анастасия Липовка, Ph.D., AlmaU асс. профессоры, қоғамдық қор «Alatrium» тең құрылтайшысы
Аида Еримпашева, э.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы
11.00-12.00
Мемлекеттік органдар, бизнес, ғылыми және азаматтық сектор өкілдерінің пікірталастары
12.00-13.00
Нетворкинг / фуршет
Орын: Алматы Менеджмент Университеті, Алматы қ., Розыбакиев к., 227, 413 oф.
Күні мен уақыт: 19.05.2023 ж., 10.00-13.00 с.
Байланыс жасайтын тұлға:
Анастасия Липовка, email: a.lipovka@almau.edu.kz, тел.: +7 701 4906138