StartUp Night: идеяларды жүзеге асырған кеш

Жаңалықтар

Наурыз 13, 2019

StartUp Night: идеяларды жүзеге асырған кеш

AlmaU студенттері StartUp Night түнінде 26 бизнес-идеяны жобаға айналдырды.

AlmaU студенттері StartUp Night түнінде 26 бизнес-идеяны жобаға айналдырды 

12 сағат  ішінде – AlmaU-дың 88 креативті және тапқыр студенттері өз бизнес-идеяларын дайын өнімге айналдырып,  жүзеге асырды.   Наурыз айының 2-сінен 3-іне қараған түні AlmaU-да Startup Night университеттік проджектон өтті.  Іс-шараны AlmaU-дың кәсіпкерлікті және инновацияларды дамыту орталығы ұйымдастырды.

StartUp Night – бұл университеттік projecathon (project – жоба және marathon – марафон), онда студенттер бір түн ішінде  өздерінің бизнес-жобаларын құру барысында жұмыс істеп, өз идеяларын шындыққа айналдырады.

Іс-шара барысында  жобаға қатысушылар 3-5 адамнан тұратын командаларға бөлінуі қажет болды және құрылған  командалар экономиканың төменде көрсетілген секторларының бірін таңдап алды:

  • Агробизнес
  • Логистика
  • Креативті индустрия
  • Smart Campus
  • Green Campus
  • Интернет заттар
  • Онлайн-білім

Жобаның ең қызықты бөлігі -тәжірибелік кезең болды, онда таңдалған саладағы проблемаларды анықтауға негізделген идеяларды генерациялау іске асырылды, содан кейін қатысушылар прототип әзірлеуге кірісті. Әрбір команда коммерциялық компаниялардан арнайы шақырылған сарапшыларының жетекшілігімен және қолдауымен жұмыс істеді.

Ментор болған сарапшылар:

Дияр Шырымбек, Study Kazakhstan негізін қалаушылардың бірі, Neupusti.net жоба менеджері

Аурелиу Шиндилэ,  AlmaU-дың академиялық кәсіпкерлік студия директоры

Фарида Садыкова, Efes Kazakhstan-да қызметкерлерді оқыту және дамыту жөніндегі маман

Бакыт Курманбеков, Kcell-де Head of Big Data Monetization

Вячеслав Попов, кәсіпкер, бизнес-тәжірибе және адамды кешенді дамыту академиясының жетекшісі.

Студенттер түні бойы тынбай еңбек етіп, таң ата өз жобаларын аяқтады және  қазылар алқасының назарына ұсынды. Әділ қазы мүшелері:

Шакир Исламбакиев, Almaty Hostel Dom және Парасат хостелінің негізін салушы

Асхат Абжанов, WAKE UP technology негізін салушы, «Жаңа ұрпақ» көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы

Ксения Южанинова, AlmaU-дың инновация және кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры

Тұсаукесерлерді тыңдап, командалардың ұсынған 25 прототипін бағалай отырып, қазылар алқасының мүшелері байқаудың 3 жеңімпазын  жариялады.

I орынды «Savage» командасы  "ереше визиткалар және әмбебеп күнтізбелер" жобасын жетекшілері Вячеслав Поповтың басшылығымен жасады. Жоба заманауи адам жұмысының өнімділігін арттыруға арналған. Балалар заманауи адамның жұмыс істеу үрдісіне жан-жақты талдау жүргізгені көрініп тұр. Қазіргі кезде уақытты үнемдеу мен  жұмысқа қабілеттілікті дұрыс  пайдалануда  "Savage" командасының жобасы тиімді болып, келешекте  шынайы өмірде қолданыс табатынына сенімдіміз. Сондай-ақ, жобаның үлкен артықшылығы аз қаражат жұмсалады және жобаны қазірдің өзінде қолдануға мүмкіндік бар.

Команда қатысушылары:

II орын «TAKS» командасына берілді. Студенттер әзірлеген қосымша дәрі-дәрмектерді дәріханалардан жеткізуге арналған, онда кезек күту және қала дәріханаларынан сабылып дәрі іздеуге уақытыңызды кетірмейсіз. Команданың тәлімгері Аурелия Шиндилэ болды. Команда әлеуметтік маңызы бар, адам өмірін жеңілдететін қарапайым шешім ұсынып отыр, жақын арада өз смартфондарымыздан осы қосымшаны  көреміз деген  үміттеміз.

Команда қатысушылары:

III орынды «Finance Group» командасы жеңіп алды, топтың менторы Фарида Садыкова болды. Команда ұсынған жобаның басты идеясы қазақстандық батырларды, қазақ ою-өрнектерін, қазақстанның тамаша жерлерін көрсету, ұлы адамдардың айтқан сөздерін қазақстандықтардың күнделікті өмірінде естірту болып табылады, осылайша қазақстан мәдениеттінің танымалдылығын арттыру.

Команда қатысушылары:  

  • Айдана Талгатова, «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті
  • Ажар Кенжебай, «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті
  • Акгулим Избергенова, «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті
  • Шырын Сыргабаева, «Қаржы» мамандығының 3 курс студенті

StartUp Night проджектоны біздің жас ақылды студенттеріміз креативті ғана емес, сонымен қатар адамгершілік қасиеттері басым жастар екендігін көрсетті.  Ұсынылған прототиптер мен идеялардың әрқайсысы әртүрлі салаларда қолданылып, адам өмірінің сапасын жақсартуға, жеңілдетуге бағытталған. Болашақ біздің жас кәсіпкерлеріміздің қолында деп  сеніммен айтуға болады. Шақырылған сарапшылар мен қазылар алқасы осындай жобалардың маңыздылығы туралы ойларын айтты.

«AlmaU-дың бірнеше жылдан бері осындай керемет іс-шара өткізіп келеді және жыл сайын балалар бизнес-идеяларын іске асыруда өз күштерін, қабілеттерін байқайды. Көптеген жобаларда экологиялық маңызы бар жұмыстар жасалғанын ерекше атап өткім келеді. Студенттер тек пайда туралы ғана ойлап қоймай, сонымен қатар қоғам мен елге пайда әкелгісі келеді", - дейді қазылар алқасының мүшесі Almaty Hostel Dom және Парасат хостелінің негізін салушы Шакир Исламбакиев.

Осындай кәсіпкерлер экономиканың өсуіне елеулі үлес қосуда. Сенімділік, креативтілік, барлық жаңалыққа деген құштарлық, тәуекелге бел буу – болашақ табысты кәсіпкердің қасиеттерінің бірі. AlmaU осындай көшбасшыларды тәрбиелеп, өсіріп, одан әрі мансап жолына бағыттауда және кәсіпкерлікті дамытуды қолдауда. StartUp Night қатысушылары осының дәлелі.

Бір студенттің жетістігі-бұл біздің еліміздің  одан әрі ілгерілеуіне тағы бір жасалған қадам болып табылады. Біз үшін студенттердің өздеріне берілген мүмкіндіктерді белсенді түрде барынша пайдаланып, оқудың алғашқы жылынан бастап өзіндік дамуға ұмтылыс жасайтыны өте маңызды.

 

Ұйымдастырушылардың  ұсынысы:

Менторлардың басшылығымен өз жобалары бойынша жұмысты жалғастырғысы келетін барлық командалар AlmaU-дың бизнес-инкубаторына келіп жолыға алады  (418 офис).

Жоба қатысушыларына кері байланыс жасау үшін сауалнама толтыруларын өтінеміз!

Сілтемені басу арқылы StartUp Night фотоларын таба аласыздар және қазылар алқасының қойған бағаларын көре аласыздар.

Бөліс: