«Сот кабинетіне» қош келдіңіз!

Жаңалықтар

Қаңтар 20, 2016

«Сот кабинетіне» қош келдіңіз!

2016 жылдың 18 қаңтарында  AlmaU  және  Kazakhstan Bar Association  коммерциялық заңгерлер алқасы мен Қазақстанның Жоғары соты   жүзеге асырған  «Сот кабинеті» жобасына қатысушыларды  марапаттау салтанаты өтті.  

Жоба  электронды сервис болып табылады, оның көмегімен клиенттер сот инстанцияларына жүгініп, қажетті қызмет түрлерін қолдана алады. Алматы Менеджмент Университеті құқық Мектебі студенттері жарты жылдан бері жоба жетекшілерінің басшылығымен  ( KazBar мүшелері) тұрғындарға  сот органдарымен электронды түрде қалай байланыс  жасауға болатынын туралы кеңес берді.

Іс-шараға  коммерциялық заңгерлер Ассоциациясы басқарушы кеңесінің  төрағасы,  Dentons алматылық кеңсесінің басқарушы серіктесі     Айгүл Кенжебаева, заң ғылымдарының докторы,  «Шеврон» корпорациясының Еуразиялық бөлімшесін басқарушы құқықтық кеңесшісі Жұмагелді  Елюбаев, Signum заң фирмасының басқарушы серіктесі  София Жылқайдарова, AlmaU құқық Мектебі деканы, доцент  Жаннетта Калишева  қатысты.

Бұл сервис Алматы қаласының  9 аудандық сотында іске қосылды. Сонымен, басты мақсат – халық арасында жобаны насихаттау жүзеге асырылды.  Студенттердің атап өткені,  тек қарапайым азаматтарға ғана емес, қорғаушыларға да, соттарға да кеңес беруге тура келгені, мұны олар ерекше тәжірибе жинау үлгісі болды деп отыр.

Студенттерде салтанатты марапаттау кезінде де ерекше мүмкіндіктері болды,  ол- еліміздің  үздік заңгерлерімен танысу. Жұмагелді Елюбаев өзінің студенттік кездегі өмірін еске алып, «Проблемы правового регулирования недропользования» атты жаңа кітабын жобаға қатысушы әрбір студентке сыйға тартты.

Айгүл Кенжебаева студенттердің белсенділігі мен  және мақсаттылықтарына риза екенін айтып,  жас заңгерлерді қазірден абырой жинап, Республикалық бірлестікке кіруге шақырды. Құқық Мектебі деканы  Жаннетта Калишева студенттерге жобаға қатысқандары үшін ризашылығын білдіріп, бұл жобаның  ұлт Жоспары – 100 нақты қадам аясында іске асырылып отырғанын атап кетті.  

Жобаға қатысушылар сыйлық пен  кітаптарды  және алғыс хаттар мен сертификаттарды София Жылқайдарованың өз қолынан алды. Марапатталушылардың қатарында  құқық  Мектебінің  2,3,4 курс студенттері  Болат Болатбеков, Таир Хусаинов, Ақмарал Шорабекова, Гузалия Хазиева, Айшолпан Кабыкен, Алима Токушева, Жантөре Ташкараев, Әйгерім Мамаева, Әлішер  Самбет, Алмас Сарсекеев, Анна Передереева, Жания Жакенова, Арна Абдрашева, Әділ  Аденов, Малика Амраева, Юлия Шевская, Темірлан Қалыбеков, Баян Ахмадиева және  Елжан Қабышев болды.

Бөліс: