Fashion-индустрии кәсіпкерлеріне арналған SMM

Жаңалықтар

Мамыр 03, 2019

Fashion-индустрии кәсіпкерлеріне арналған SMM

Сәуір айының соңында Британдық Кеңестің "Creative Spark: Higher Education Enterprise Programme" жобасы аясында "Social Media Marketing for Fashion Domination"  шебер-сабақтың екінші кезеңі  өтті.

26 сәуір күні  Almaty Management University-де Британдық кеңестің ұйымдастыруымен сән индустриясы резиденттеріне арналған маркетингтегі дағды мен білімді дамыту бойынша "Creative Spark: Higher Education Enterprise Programme" жоба  аясында екінші  шебер-сабақ өткізілді.  Іс-шараны ұйымдастырушылар: AlmaU-дың кәсіпкерлікті және инновацияны дамыту орталығы, University of Northampton (Ұлыбритания) және Kazakhstan Fashion Week болды.

Қатысушылардың кәсіптік дағдыларын шыңдау үшін бизнесті дамытудың ең өзекті тақырыптарының  бірі – маркетинг және әлеуметтік медианы дамыту таңдалды. Теориялық және практикалық білімді тиімді пайдалану арқылы тыңдаушылар үздік халықаралық стандарттар негізіндегі  intensive marketing заманауи әдістерімен танысты.

Шебер сабақтың алғашқы спикері  болып  Fashion Promotion Course London  ұйымдастырушысы, Elle Magazine 2012"Graduate Fashion week Pop Up Environment",  Per Aquaam Marketing Award Winner, New Media Award Winner, Graduate Fashion Week 2015 жеңімпазы,сән индустриясының сарапшы эдвайзері атап айтқанда  Alexandra Shulman, Bruce Oldfield, Barbara Hulanicki, Felicity Green, Bellville Sassoon, Colin McDowell, Caryn Franklin, Gieves and Hawkes, Modus Digital, Tiger Aspect TV, True Religion, Orsola de Castro (Fashion Revolution), Bicester Retail Village and Burberry, fashion-маркетолог  – Iain Bromle қатысты.

Iain  «Стратегиялық маркетинг» тақырыбы бойынша шебер сабақ өткізді  және тыңдаушыларға  нарықтағы сегментация мен таргетирования саласы бойынша нақты құралдар берді.

Екінші спикер - Kardi Somerfield, University of Northampton (Ұлыбритания) сандық маркетинг саласының сарапшысы, omnichannel және brand storytelling жайлы айтып, маркетингтік коммуникация жайлы ақпаратпен бөлісті.  

Жобаның 75 резиденті құрамында фэшн-дизайнерлер, кәсіпкерлер, ритэйл, фэшн - блогерлер, жоғары оқу орындарының өкілдері болды. Олар  шеберлік сабақтарға қатысып,  креативтілік және кәсіпкерлік энергиясымен жігерленді.

*Назар аударыңыздар! 2019 жылдың 24 мамырында  "Creative Spark: Higher Education Enterprise Programme" жобасы аясында өткізілетін үшінші шебер –сабаққа шақырамыз. Біздің әлеуметтік желілерде және университеттің ресми сайт беттерінде жарияланатын хабарлармен таныс болыңыздар.

Бөліс: